Француз әкіміне ҚР Референдум нәтижелері, саяси өзгерістер мен инвестициялық мүмкіндіктер туралы ақпарат берілді

Француз әкіміне ҚР Референдум нәтижелері, саяси өзгерістер мен инвестициялық мүмкіндіктер туралы ақпарат берілді

Шарлевиль-Мезьер, 2026 жылғы 31 наурыз – ҚР Страсбургтағы Бас консулы Анель Бақытбекқызы Шарлевиль-Мезьер қаласының әкімі Борис Равиньонмен кездесу өткізіп, екіжақты ынтымақтастықты дамытудағы кең ауқымды мәселелерді талқылады.

Әңгіме басында А.Бақытбекқызы қала әкімін қайта сайлануымен құттықтап, оның қаланы басқарудағы айтарлықтай тәжірибесін атап өтіп, сондай-ақ Президент Қ.Тоқаев жүзеге асырудағы ҚР ауқымды саяси реформалар жайлы егжей-тегжейлі мәлімдеді.

Халық тарапынан кең қолдауға иеленген жаңа Конституцияны қабылдау бойынша елде өткен республикалық Референдумның нәтижелері туралы хабардар ете отырып, Б.Равиньонға мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және демократиялық қағидаттарды нығайту бойынша қабылданған шараларды қамтитын француз тіліндегі материалдар тапсырылды.

ҚР-дың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері туралы баяндап, А.Бақытбекқызы елімізде экономиканы әртараптандыруға және шетелдік инвестицияларды тартуға бағытталған ауқымды экономикалық реформалардың жүзеге асырылып жатқанын да атап өтті. Арнайы назар өңдеу өнеркәсібін, энергетиканы, соның ішінде «жасыл» экономиканы, сутегі энергетикасын дамыту және атом электр станциясын салу сияқты басымдықтарға аударылды.

Шарлевиль-Мезьер қаласының және Францияның Арденн департаментінің металлургия, машина жасау, ауылшаруашылық өндірісі, автобөлшектер, энергетикалық желілерге арналған жабдықтар және күн энергетикасы салаларындағы өндірістік әлеуетін ескере отырып, келіссөздерде ҚР аймақтарымен ынтымақтастық орнату мүмкіндіктеріне ерекше көңіл бөлінді. Осы мәнмәтінде сұхбаттасқа Қазақстан облыстарында жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар туралы француз тіліндегі презентациялар мен тизерлер ұсынылды, сондай-ақ жергілікті сауда-өнеркәсіп палаталары мен бизнес қауымдастықтары үшін бизнес-семинар ұйымдастыру бастамасы айтылды.

Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар бірлескен мәдени, білім беру және академиялық жобалар арқылы гуманитарлық байланыстарды дамыту мүмкіндіктерін де талқылады.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша Б.Равиньонға елімізде жоспарланған халықаралық іс-шаралар туралы ақпарат, соның ішінде 2026 жылғы Аймақтық экологиялық саммит, Astana Finance Days форумы ұсынылды. Сондай-ақ, Бас консулдық, француз аймағы өкілдерінің Қазақстанға сапарын ұйымдастыруға дайын екені де айтылды. Өз кезегінде қала әкімі өткізілген кездесу үшін және Қазақстанның дипломатиялық миссиясы ұсынған бастамаларға өз алғысын білдірді.

 

Шарлевиль-Мезьер қаласы – Францияның Үлкен Шығыс өңіріне кіретін Арденн департаментінің әкімшілік орталығы. Қаланың экономикасы өнеркәсіпке, металлургияға, машина жасау өңдеу және агроөнеркәсіп өндірісіне негізделген. Қала «Өнер мен тарих қаласы» құрметті атағын иеленген, сонымен қатар әлемдік деңгейдегі театр қуыршақтарының астанасы болып танылған. Мұнда әлемдегі ең ірі халықаралық қуыршақ фестивалі өтеді және Халықаралық қуыршақ одағының (UNIMA, 1980 жылдан бері) штаб-пәтері орналасқан.