ҚР делегациясы Еуропа Кеңесінде киберқылмыстарға қарсы іс-қимыл шараларын талқылады

ҚР делегациясы Еуропа Кеңесінде киберқылмыстарға қарсы іс-қимыл шараларын талқылады

Страсбург, 2025 жылғы 13-14 қараша – Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков бастаған қазақстандық делегация Еуропа Кеңесінің киберқылмыстар туралы Конвенциясы Комитетінің 33-пленарлық отырысына қатысты.

80-нен астам елден келген қатысушылар Киберқылмыстар туралы конвенцияның (Будапешт конвенциясы) және Екінші қосымша хаттаманың тетіктерін іске асыру мәселелерін талқылап, электрондық дәлелдемелерге жедел қол жеткізу, 24/7 байланыс пункттерінің желісінің жұмыс істеуі, сондай-ақ жасанды интеллект пен виртуалды активтердің Конвенция нормаларын қолдануға ықпалына ерекше назар аударды.

Сонымен қатар халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру үшін киберқылмыстарды тергеу кезінде жеке сектормен өзара іс-қимылды күшейту мәселелері қаралды.

Сапар аясында қазақстандық делегация басшысының Есірткілерді теріс пайдалану және олардың заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі ынтымақтастық тобы (Помпиду тобы) хатшылығының басшысы Ардита Абдиумен екіжақты кездесуі өтті. Еуропалық тарап заңсыз есірткі айналымына қарсы іс-қимыл, тыйым салынған заттарды тұтынуды болдырмау және профилактикаға бағытталған жобаларды таныстырды.

ҚР ІІМ өкілі Помпиду тобының өңірлік бастамаларына қатысуды қоса алғанда, еуропалық сарапшылармен практикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге мүдделілік білдірді.

Бірлескен жаттығулар мен жобаларды өткізу үшін алаң ұсынуға дайындығын білдіріп, бұл есірткі қылмыстарына қарсы халықаралық тетіктерді нығайтуға мүмкіндік беретіні атап өтілді.