Страсбург, 2025 жылғы 11–12 қыркүйек – Еуропа Кеңесінің штаб-пәтерінде адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық үйлестірушілер мен баяндамашылардың жыл сайынғы кездесуі өтті.
Іс-шара Еуропа Кеңесі мен ЕҚЫҰ-ның бірлесіп ұйымдастыруымен өтті. Конференцияға 53 елден 130 сарапшы қатысты. Қазақстан тарапынан Ішкі істер министрлігінің Адам саудасына қарсы күрес және қылмыстық процестің қатысушыларын қорғау басқармасы бастығының орынбасары Шинар Күчербаева қатысты.
Кездесудің мақсаты – ұлттық үйлестірушілер арасында ақпарат және тәжірибе алмасу, сондай-ақ ЕҚЫҰ аймағында адам саудасына қатысты мәселелерді шешу бойынша бірлескен іс-қимылды айқындау. Қатысушылар алдын алу, адам саудасын тоқтату және құрбандарға көмек көрсету саласында әлеуетті арттыруға дайын екендіктерін білдірді.
Өз кезегінде Қазақстан өкілі еліміздің 2024–2026 жылдарға арналған адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және оларға қарсы күрес жөніндегі Ұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру тәжірибесін ұсынды.