Қазақстан ГРЕКО ұсынымдарының орындалуын бағалаушы ел ретінде алғаш рет қатысып отыр

Қазақстан ГРЕКО ұсынымдарының орындалуын бағалаушы ел ретінде алғаш рет қатысып отыр

Страсбург, 2025 жылғы 4-6 маусым – Еуропа Кеңесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының (ГРЕКО) 100-ші Пленарлық отырысы өтті.

Осы сессия барысында Қазақстан ГРЕКО-ның Чехияға берген ұсынымдарының орындалуын бағалау бойынша алғаш рет бағалаушы ел ретінде қатысты. Бағалауды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілі С.Аяғанова дайындады.

Қазақстанның бағалаушы ел ретінде тағайындалуы – халықаралық деңгейде еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы беделінің арта түскенін білдіреді.

Отырыс аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі мәселелері қаралып, ұйымның алдағы жұмысына бағыт беретін маңызды шешімдер қабылданды.