Стокгольм, 2025 ж. 5 мамыр - 2025 жылғы шайбалы хоккейден Әлем чемпионатының басталуына орай, Швеция мен Данияда өтіп жатқан турнир алдында, Қазақстанның Швециядағы Елшісі О.Сүлейменов Қазақстан Ұлттық құрамасының менеджері Н.Қайырбергеновамен кездесті.
Кездесу барысында тараптар команданың турнирге дайындығын талқылады, спортшыларға сәттілік тіледі және құраманың халықаралық аренада лайықты өнер көрсететініне сенім білдірді. Елші жанкүйерлердің қолдауы мен Қазақстан құрамасының әлем біріншілігіне қатысу кезеңіндегі дипломатиялық қатысудың маңыздылығын атап өтті.
Айта кету керек, Қазақстан құрамасы Швецияға келіп үлгерді, мұнда 6 мамырда Словения құрамасына қарсы бақылау матч өткізеді. 7 мамырда қазақстандық команда Хернингке (Дания) аттанады, онда әлем чемпионатының топтық кезеңіне қатысады.
Шайбалы хоккейден Әлем чемпионаты 2025 жылғы 9-25 мамыр аралығында өтеді. Топтық кезең аясында Хернингте Қазақстан құрамасы Норвегия, Германия, Мажарстан, Дания, Чехия, Америка Құрама Штаттары және Швейцария ұлттық құрамаларымен ойнайды.