Стокгольм, 2025 жылғы 23 сәуір – Швециядағы (Дания бойынша қоса атқарушы) Қазақстан Республикасының Елшісі Олжас Сүлейменов Данияның «Силькеборг» клубында ойнайтын қазақстандық футболшы Рамазан Оразовпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Елші Р.Оразовқа шетелде Қазақстанның спорттық имиджін дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, қазақстандық спортшылардың халықаралық лигаларға қатысуы мәдени байланыстарды нығайту және ұлттық спортты насихаттау үшін маңызды екенін атап өтті.
Р.Оразов - жартылай қорғаушы, Қазақстанның түрлі клубтарында және ұлттық құрамасында ойнаған тәжірибелі спортшы. Оның кәсіби шеберлігі мен спорттағы жетістіктері Қазақстанның халықаралық аренадағы оң имиджін нығайтуға үлес қосуда.