Стокгольм, 2025 жылдың 5 cәуірі – Қазақстан Республикасының Швециядағы Елшісі Олжас Сүлейменов Швеция СІМ-нің Даму және сыртқы сауда мақсатында халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі мемлекеттік хатшысы Диана Янсемен және Швецияның Сауда мәселелері жөніндегі ұлттық кеңесінің, Ericsson, AstraZeneca және Volvo Group өкілдерін қоса алғанда, Швеция бизнес-қоғамдастығының өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу Қазақстан мен Швеция арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 33 жыл толуы қарсаңында (1992 жылғы 7 сәуір) өтті. «Біздің кездесуіміз ерекше сәтте өтіп жатыр: Қазақстан мен Швеция дипломатиялық қатынастардың – өзара сенімге, құрметке және ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа ұмтылуға негізделген әріптестіктің, 33 жылын атап өтуде», – деп атап өтті Елші.
Талқылау сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту перспективаларына бағытталды.
ҚР Елшісі Қазақстан экономикасының негізгі салаларын дамытуға және тұрақты технологияларды ілгерілетуге үлес қосқан, Ericsson, Scania, Epiroc, AstraZeneca, ABB, Volvo және басқа да ірі швед компанияларының белсенді қатысуын атап өтті.
Сонымен бірге, ҚР Елшісі Қазақстанның швед бизнесінің қатысуын одан әрі кеңейтуге, инвестициялар көлемін ұлғайтуға, сондай-ақ «жасыл» энергетика, сыни шикізат материалдары, машина жасау, ауыл шаруашылығы, инновация, IT және жасанды интеллект сияқты басым секторларда нақты бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі екенін атап өтті.
Мемлекеттік хатшы Д. Янсе Швецияның Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдетуге деген қызығушылығын растап, Орталық Азия өңірінің маңыздылығын атап өтті. «Біз Қазақстанмен өзара тиімді әріптестікті кеңейтуде үлкен перспективаларды көріп отырмыз және осы өзара іс – қимылды белсенді дамытуға ниеттіміз», - деп атап өтті Д.Янсе.
Практикалық қадамдардың бірі ретінде тараптар мамыр айында нақты инвестициялық бастамалар мен жобалардың презентациясын жасау мақсатында тиімді платформа болуға бағытталған, сондай-ақ екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды нығайтуға ықпал ететін Қазақ-Швед дөңгелек үстелін өткізу бойынша дайындық барысын талқылады.