Қазақстан мен Швеция білім беру мекемелері бағыты бойынша ынтымақтастық орнатуда

Қазақстан мен Швеция білім беру мекемелері бағыты бойынша ынтымақтастық орнатуда

Стокгольм. 10 сәуір 2024 ж. Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі С. Нұртаев Швеция мен Скандинавияның ірі мемлекеттік жоғары оқу орны – Стокгольм университетінің басшылық буынымен, халықаралық қатынастар департаментінің директоры, О.Петримен кездесу өткізді.

Әңгіме барысында білім беру мекемелері желісі бойынша екіжақты ынтымақтастықтың өзекті жобалары және оның даму перспективалары талқыланды.

Тараптар университетте түркі тілдерін, Орталық Азия мен Қазақстан елдерінің тарихы мен мәдениетін, академиялық алмасу перспективаларын зерделеуге байланысты білім беру бағдарламаларын құру мен дамытуды талқылады.

Жан-жақты әңгімелесу барысында Қазақстан Елшісі елімізде жүргізіліп жатқан білім беру саласындағы реформалар туралы айтып, ҚР-дағы қолданыстағы «Болашақ» білім беру бағдарламасына егжей-тегжей тоқталды. Атап айтқанда, Стокгольм университеті қазақстандық студенттерін оқыту үшін ұсынылатын тізімге енген.

Стокгольм университетінің қазақстандық жетекші жоғары оқу орындарымен және ғылыми орталықтармен ғылыми-білім беру байланыстарын кеңейтуге, сондай-ақ қажетті оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етуге дайын екендігін білдірді.

Одан әрі ынтымақтастықтың ықтимал алғашқы қадамдары ретінде қазақстандық дипломат ҚР жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы меморандум жасасу, қазақстандық студенттерге арналған жазғы курстарды ұйымдастыру, екі елдің студенттері мен оқытушыларының, аспиранттары мен сарапшыларының қатысуымен бірлескен зерттеу жобаларын іске асыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Өз кезегінде Директор О.Петри қонаққа кездесу және Швеция мен Қазақстан арасындағы академиялық байланыстарды дамытуға көңіл бөлгені үшін алғысын білдірді. Ол бүкіл әлем бойынша білім беру және ғылыми ұйымдармен халықаралық әріптестікті дамыту Стокгольм университеттің және басқа да швед университеттерінің міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Директор кездесу барысында Елшілік ұсынған бастамаларға оң көзқараспен қарап, еліміз үшін көптеген өзекті бағыттар бойынша қазақстандық жоғары оқу орындарымен ынтымақтасуға дайын екенін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара іс-қимылды ұлғайтуға және әріптестік ЖОО аралық байланыстарды жандандыруға келісті.