Қазақстан Елшісі Сергей Нұртаевтың Швеция Риксдагының Спикері Андреас Норленмен кездесуі

Қазақстан Елшісі Сергей Нұртаевтың Швеция Риксдагының Спикері Андреас Норленмен кездесуі
2021 жылғы 18 маусымда Қазақстан Елшісі Сергей Нұртаевтың Швеция Риксдагының (Парламентінің) Спикері Андреас Норленмен кездесуі өтті. Онлайн сұхбат барысында Қазақстан-Швеция қатынастарының дамуында табысты прогресс талқыланды. Сонымен қатар, ынтымақтастықтың ең әуелі сауда-экономикалық және инвестициялық салада іске аспаған үлкен әлеуеті белгіленді.
 
Саяси өзара іс-қимыл бойынша тараптар халықаралық өмірдің басты проблемаларын шешуде көбінесе екі елдің ұқсас тәсілдерін атап өтті. Елші Спикерді Қазақстандағы орын алған саяси реформалар, соның ішінде бейбіт жиналыстар, саяси партияларды тіркеу және елдің заңнамалық органдарына әйелдер мен жастардың қатысуы жөнінде заңнамалық сала туралы хабардар етті. Швеция тарапы Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясы мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламенттік ассамблеясы сияқты әртүрлі халықаралық парламентаралық құрылымдарында, сондай-ақ Швеция мен Орталық Азия Парламенттері арасындағы достық қауымдастығы шеңберінде өзара жұмысы шеңберінде екіжақты ынтықмақтастықтың одан әрі нығайтуына дайындығын білдірді.