Қазақстан мен Дания арасында ынтымақтастықты нығайту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде

Қазақстан мен Дания арасында ынтымақтастықты нығайту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде
Елшілік Қазақстан мен Дания арасында ынтымақтастықты нығайту бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда. Соңғы бірнеше жыл ішінде елдеріміз арасындағы екіжақты қатынастардың дамуы оң динамикасымен сипатталады.
 
Екі елдің саяси, экономикалық және сауда-инвестициялық салада әлеуетінің мүмкіндіктерін дамыту мен зерттеу шеңберінде Елшіліктің Данияның Сыртқы істер министрлігінде, Парламентінде, сондай-ақ қазақ диаспорасының Басшысы Нұр Аюбимен және Қазақстанның Құрметті консулы Ляйф Педерсенмен кездесулері өтті.
 
Кездесу барысында бірінші СІМаралық консультацияларды өткізу және Қазақстан Парламенті мен Данияның Фолькетингі арасында достық қауымдастығын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.