Қазақстанның Елшісі Сергей Нұртаевтың Стокгольм округі Лидинго муниципалитетінің қоршаған орта мен қалдықтарды өңдеу жөніндегі бас менеджері Дженни Рэндборгпен кездесуі

Қазақстанның Елшісі Сергей Нұртаевтың Стокгольм округі Лидинго муниципалитетінің қоршаған орта мен қалдықтарды өңдеу жөніндегі бас менеджері Дженни Рэндборгпен кездесуі
Қазақстанның Швециядағы Елшісі Сергей Нұртаевтың Стокгольм округі Лидинго муниципалитетінің қоршаған орта мен қалдықтарды өңдеу жөніндегі бас менеджері Дженни Рэндборгпен онлайн кездесуі өтті.
 
Швед сарапшысы өңірде қалдықтарды өңдеудің жөнге салынған инфрақұрылымының үдерісімен таныстырды.
 
Мәлім болғандай, қалдықтарды өңдеу бойынша басқа дамыған елдер үлгі алатын Швецияда қоқыс тастайтын жерлерге барлық тұрмыстық қалдықтардың 1%-дан төмені түседі. Сондай-ақ, үлкен жауапкершілікпен қоқыстарды сұрыптаумен және оларды өңдеуге тапсырумен айналысатын азаматтардың санасы маңызды рөл ойнайды.
 
Сұхбат барысында ынтымақтастықты одан әрі реттеу бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді, соның ішінде осы салада іске қосылған швед кәсіпорындарымен.