Қазақстанның Елшісі Сергей Нұртаев Каролинска институтының құрметті профессоры Эрлинг Норбюмен кездесу өткізді

Қазақстанның Елшісі Сергей Нұртаев Каролинска институтының құрметті профессоры Эрлинг Норбюмен кездесу өткізді
Қазақстанның Швециядағы Елшісі Сергей Нұртаев медицина саласында танымал швед ғалымы, Каролинска институтының құрметті профессоры Эрлинг Норбюмен кездесу өткізді.
 
Достық әңгімелесу барысында Э.Норбюдің Қазақстанға сапары туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Ол сонымен қатар жиырма жылдан астам Нобель сыйлығының физиология мен медицина бойынша лауреаттарын таңдауға қатысқан көрнекті швед микробиологы болып табылады (бүгін ол Нобель сыйлығы жөнінде бірнеше кітаптардың авторы).
 
Сапар кезінде еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында лекцияларының сериясы жоспарлануда.