Швецияда Ауғанстанда бейбітшілік пен тұрақтылыққа жағдай жасау мақсатындағы Қазақстанның күш-жігерлеріне арналған вебинар өтті

Швецияда Ауғанстанда бейбітшілік пен тұрақтылыққа жағдай жасау мақсатындағы Қазақстанның күш-жігерлеріне арналған вебинар өтті

Стокгольм, 2021 жылдың 3 наурызы – Қауіпсіздік және даму саясаты институты (ISDP) талдау орталығы Қазақстанның Швециядағы Елшілігімен бірлесіп, Қазақстанның Ауғанстандағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі күш-жігерлеріне арналған вебинар өткізді. Іс-шараның негізгі баяндамашысы Қазақстан Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі, ҚР СІМ Ерекше тапсырмалары жөніндегі Елшісі Талғат Қалиев болды.

Өз сөзінде ол Қазақстанның Ауғанстанды дамытуға және елдегі бейбітшілік процесіне қолдау көрсету жөніндегі күш-жігеріне шолу жасады. Елші Қазақстанның Ауғанстан Үкіметіне кең қолдауын және еліміздің Ауғанстанның бейбіт процесінде мүдделі тараптар арасында диалогты ілгерлетуді жақтайтының атап өтті.

Сонымен қатар, Т.Қалиев Ауғанстан мәселелері, соның ішінде COVID-19 пандемиясы кезінде көрсетілген гуманитарлық көмек бойынша Орталық Азия мемлекеттері арасында өсіп отырған ынтымақтастықты атап өтті.

Профессор Фредерик Старр өз кезегінде Қазақстан мен Ауғанстандағы кәсіпкерлер арасындағы іскерлік байланыстардың маңыздылығын, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығы әлеуетін атап өтті және Ауған бизнесі үшін белгілі бір рөл атқаруда әлеуетіне назар аударды.

Сөз соңында спикерлер Ауғанстанның стратегиялық жағдайы мен өз елінің даму ісіне берілген ауған азаматтарының жаңа буынының пайда болуына негізделген ұзақ мерзімді дамуына қатысты өздерінің үміттерін атап өтті.