
2026 ж. 3 маусым, Эребру қ. – Қазақстанның Швециядағы Елшісі Олжас Сүлейменов тау-кен өнеркәсібінің негізгі жаһандық платформасы Epiroc World Expo 2026 көрмесіне қатысты.
Сапар барысында Елші Epiroc-тың ТКМ арналған жаңа шешімдермен танысты. Көрменің флагмандық экспонаты – жаңа буын ұңғымаларын көлденең бұрғылауға арналған әмбебап қондырғы Epiroc Easer E10 S ерекше назар аударылды. Дәл осы машина жақын арада Қазақстанға Орта дәліз бағыты бойынша жеткізіледі.
Сондай-ақ, іс-шара барысында О.Сүлейменов Epiroc CEO Хелена Хедбломмен кездесті, оның аясында ынтымақтастықты кеңейтуге өзара қызығушылық танытты.