Қазақстан мен Швеция саяси консультациялардың бесінші раундын өткізді

Қазақстан мен Швеция саяси консультациялардың бесінші раундын өткізді

Астана, 2026 жылғы 17 ақпан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан мен Швецияның сыртқы саяси ведомстволары арасында саяси консультациялардың бесінші раунды өтті.

Қазақстан делегациясын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов, ал швед делегациясын Швеция СІМ-нің саяси мәселелер жөніндегі бас директоры Торбьёрн Сольстрём басқарды.

Келіссөздер барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін, сондай-ақ парламентаралық диалогты дамыту және іскер топтар арасындағы байланыстарды жандандыру перспективаларын талқылады.

Қазақстанның Еуропалық Одақпен ынтымақтастығы мәселелеріне, соның ішінде Қазақстан мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру аясында, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл және өңірлік әрі жаһандық күн тәртібінің негізгі мәселелері бойынша пікір алмасты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар саяси диалогты одан әрі дамытуға өзара дайын екендіктерін білдірді.

ҚР СІМ мәліметінше, 2025 жылы Қазақстан мен Швеция арасындағы тауар айналымы 361,6 млн АҚШ долл құрады (+10,4%), оның ішінде экспорт – 75,9 млн долл, импорт – 285,6 млн долл 2005–2025 жылдар аралығында Швециядан Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 690 млн АҚШ долларынан асты.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1163733?lang=kk