Қазақстан швед зерттеу институтымен ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан швед зерттеу институтымен ынтымақтастықты нығайтуда

2026 ж. 4 ақпан, Стокгольм қ. – Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Елшісі Олжас Сүлейменов Стокгольм халықаралық бейбітшілікті зерттеу институтының (SIPRI) директоры Карим Хаггагпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан Елшісі К.Хаггагты Институт директоры қызметіне тағайындалуымен құттықтады. Қазақстан мен SIPRI арасындағы сындарлы диалогты дамытуға және өзара іс-қимылды нығайтуға деген ортақ мүдделілік расталды. Қазақстанның Институтпен көпжылдық ынтымақтастығының тарихы, сондай-ақ SIPRI-дің халықаралық қауіпсіздік, қарусыздану және қақтығыстардың алдын алу салаларындағы жоғары сараптамалық әлеуеті атап өтілді. Тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша тұрақты байланыстарды қолдап, пікір алмасуды жалғастыруға уағдаласты.