
Стокгольм, 2026 ж. 2 ақпан. Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Елшісі Олжас Сүлейменов Швеция Сыртқы істер министрлігінің Шығыс Еуропа және Орталық Азия департаментінің директоры Тобиас Тюбергпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар екіжақты өзара іс-қимыл мәселелері мен қазақ-швед қарым-қатынастарының өзекті қырлары бойынша жан-жақты пікір алмасты, сондай-ақ көпқырлы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделілігін растады.