Жылқы өсіру дәстүрлері серіктестіктің негізі: Hästens және Қазақстан диалог орнатуда

Жылқы өсіру дәстүрлері серіктестіктің негізі: Hästens және Қазақстан диалог орнатуда

Чёпинг, 2025 жыл 28 мамыр Қазақстан Республикасының Швециядағы Елшісі Олжас Сүлейменов премиум төсек өндірісіне маманданған әлемге әйгілі швед бренді Hästens компаниясының штаб-пәтерімен өндірістік қуаттарына іс-сапар жасады.

Компания басшылығымен әңгімелесу барысында өнімнің жекелеген компоненттерін, атап айтқанда Қазақстаннан табиғи жылқы шашын жеткізу әлеуетін, Астана мен Алматыда флагмандық бутиктердің ашылуын, сондай-ақ Қазақстанның Орталық Азиядағы Hästens үшін өңірлік хаб ретінде орналасу мүмкіндіктерін қоса алғанда, ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

ҚР Елшісі Қазақстан жылқы шаруашылығының бай дәстүріне ие бола отырып, Hästens үшін, әсіресе компанияның жылқы шашы, мақта, зығыр және жүнді қоса алғанда, табиғи материалдарды пайдаланатын өндіріске бірегей көзқарасын ескере отырып, қызықты нарық ұсынатынын атап өтті.

Кездесудің соңына қарай, ҚР Елшісі Hästens басшылығын нарықты егжей-тегжейлі зерделеу, тиісті мемлекеттік органдар және әлеуетті серіктестермен кездесу ұйымдастыру мақсатында Қазақстанға іс-сапармен баруға шақырды.

Анықтама: Hästens (швед тілінен аударғанда – «жылқы») – төсектер, матрастар және премиум ұйқы аксессуарларының әлемге әйгілі швед өндірушісі. 1852 жылы Чепинг қаласы, Швецияда құрылған отбасылық бизнес. Бүгінгі таңда Hästens өнімдері Еуропадағы, Солтүстік Америкадағы, Азиядағы және Таяу Шығыстағы флагмандық бутиктерді қоса алғанда, 45-тен астам елде ұсынылған. Швед Корольдік отбасысы, көптеген басқа монархтар мен мемлекет басшылары бірнеше жылдар бойы Hästens компаниясының клиенттері қатарына кірген.