
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
2026 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасы бойынша Республикалық референдум өтетінін хабарлаймыз.
Осыған байланысты Швецияның аумағында 2026 жылғы 15 наурызда жергілікті уақыт бойынша 08:00-ден 20:00-ге дейін Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Елшілігі жанындағы № 474 сайлау учаскесі жұмыс істейді.
Елшіліктің мекенжайы: Birger Jarlsgatan 37, 3 tr., 111 45, Stockholm.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңының 25-тармағына сәйкес, республикалық референдумға қатысу құқығы және ниеті бар азаматтардың № 474 сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне енгізу үшін тиісті деректерді (аты-жөні, туған күні, ЖСН, Швециядағы мекенжайы, байланыс деректерді) «Референдум-2024» белгісімен келесі электрондық мекенжайға 2026 жылғы 9 наурызға дейін жіберуіңізді сұраймыз: kaz.consul.se@gmail.com.
Сайлау өтетін күні өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алып келу қажет екеніне назар аударамыз.