София, 2025 жылғы 9 мамыр - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Елші Виктор Темірбаев бастаған Қазақстан Елшілігінің дипломаттары София қаласындағы Кеңес жауынгерлерінің бауырластар зиратына гүл шоқтарын қойып, қаза тапқандарды еске алды.
Сондай-ақ, ҚР-дың Құрметті консулдарының көмегімен соғыс жылдары қаза тапқан қазақстандық жауынгерлер жерленген Болгарияның басқа да – Бяла, Пазарджик, Суворово және Старо Загора қалаларында гүл шоқтары қойылды.
Отан үшін қаза тапқан батырлар мәңгі есімізде!