София, 2025 жылғы 16 сәуір - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80-жылдығын мерекелеу аясында Қазақстан Елшілігі Софиядағы Ресейлік мәдени-ақпараттық орталықта қазақстандық «1941 жылдың жазы» фильмінің көрсетілімін ұйымдастырды. «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ-ның қолдауымен ұйымдастырылған іс-шараға дипломатиялық корпустың, қазақ диаспорасының өкілдері және болгар киносүйер қауымы қатысты.
Елші Виктор Темірбаев өзінің құттықтау сөзінде Қазақстанның дүниежүзіндегі жалпы жеңіске, әділдік пен бостандықтың салтанатына зор үлес қосқанын атап өтті. Қазақстандық дипломат өскелең ұрпақ үшін керемет батылдық пен шынайы патриотизмнің үлгісі болып табылатын екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы отандастарымыздың жауынгерлік және еңбек ерліктеріне назар аударды. Сондай-ақ В.Темірбаев Жеңіске керемет күш-жігер мен орасан зор құрбандықтардың бағасымен қол жеткізілгенін, атап айтқанда, ол майдангерлердің теңдесі жоқ батылдығы мен мызғымас рухының, тыл еңбеккерлерінің табандылығы мен жанқиярлығының арқасында жүзеге асқанын атап өтті.
Режиссер Бекболат Шекеровтың «1941 жылдың жазы» фильмі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы партизандық отрядтармен болған шайқастар туралы баяндайды. Кинокартина Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батылдығымен ерекшеленген және диверсиялық топтарды басқарған көрнекті қазақ қайраткері, лейтенант Ади Шариповтың өмірбаяндық тарихын көрсетеді.
Қазақстандық кинокартина болгар аудиториясы мен іс-шараның барлық қонақтарының қызығушылығын тудырды.