София, 2025 жылғы 12 ақпан - Ғылыми-академиялық саладағы ынтымақтастықты нығайту және «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы» КЕАҚ (ҰҒА) мен Болгар ғылым академиясы (БҒА) арасындағы өзара іс-қимылды тереңдету перспективаларын талқылау мақсатында Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев БҒА басшысы Евелина Славчевамен кездесті.
Өткен мазмұнды сұхбат барысында қазақстандық дипломат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі ғылым саласын дамыту бойынша алға қойған міндеттері аясында ҰҒА-ның ағымдағы қызметі туралы болгар академигін хабардар етті, сондай-ақ осы мүмкіндікті пайдалана отырып, «Kazakhstan: BornBold» жаһандық ақпараттық кампаниясы және алдағы Астана халықаралық форумының (AIF 2025) рөлі мен мәні туралы айтып, AIF 2025 шақыруды табыс етті.
Өз кезегінде Е.Славчева ғылыми ведомстволар желісі бойынша екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және тереңдетуге мүдделілігін білдіріп, әсіресе жасыл энергетика, сутегі технологиялары және жасанды интеллект салаларындағы әріптестікті дамытуға қызығушылығын танытып, сондай-ақ қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыруға дайындығын ерекше атап өтті.
Кездесу соңында әңгімелесушілер барлық мәселелер бойынша жұмыс байланыстарын жүргізуге келісті.
Болгар ғылым академиясы ғылым мен инновацияны дамыту саясатын жүзеге асыратын Болгарияның жетекші ғылыми-сараптамалық орталығы. БҒА 300-ге жуық ғалым жұмыс істейтін 42 автономды ғылыми бөлімшелерден тұрады.