Пловдивта «Зерттелмеген Қазақстан» фотокөрмесі ашылды

Пловдивта «Зерттелмеген Қазақстан» фотокөрмесі ашылды

Пловдив, 2024 жылғы 18 сәуір - Қазақстан Елшілігінің және ҚР-дың Пловдивтегі Құрметті консулдығының бастамасымен қаланың Орталық алаңында еліміздің табиғаты мен туристік әлеуетіне арналған «Зерттелмеген Қазақстан» атты тақырыптық фотокөрмесінің ресми ашылуы өтті. Іс-шараға қала және облыс басшылығы, жергілікті зиялы қауымның, қазақ диапорасының, болгар жұртшылығының мен БАҚ өкілдері қатысты.   

Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев өзінің құттықтау сөзінде Қазақстан - Еуразияның қақ ортасында, әлемнің ең көне өркениеттерінің және көлік артерияларының қиылысында, Шығыс пен Батыс, Оңтүстік пен Солтүстік, Еуропа мен Азия арасындағы экономикалық және әлеуметтік, мәдени және идеологиялық байланыстардың тоғысқан жерінде орналасқан өте бай тарихы мен мәдениеті бар мемлекет екенін атап өтті. Қазақстандық дипломат мұның бәрі қазіргі Қазақстанды мықты, тәуелсіз және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет ретінде қалыптастыруда қуатты іргетас болғанын атап өтті.

Пловдив мэрінің орынбасары Пламен Панов өзінің сөзінде Қазақстанның дамуындағы жетістіктерге тоқталып, екіжақты қарым-қатынастардың жоғары деңгейін атап өтті. Сондай-ақ, қала басшысының орынбасары Қазақстанның таңғаларлық табиғаты туралы жоғары пікірін білдірді.

Өз кезегінде Қазақстанның Құрметті консулы Пламен Панчев Қазақстан мен Болгария өңірлері арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық векторы біздің халықтарымыздың игілігі үшін одан әрі дамитынын айтты.

Іс-шара қонақтары Қазақстанның бірегей табиғатының, көркем ландшафтарының фотосуреттерін, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің пейзаждарын тамашалай алды.

Бұл фотокөрме қала тұрғындары мен қонақтары үшін 2024 жылдың 30 сәуіріне дейін қолжетімді болады.

 

Пловдив - Болгарияның екінші үлкен қаласы және 8000 жылдан астам бүгінгі күнге дейінгі тарихы бар, Оңтүстік Болгарияның ең қарқынды дамып келе жатқан орталығы.

Қазақстанның Пловдивтегі Құрметті консулдығы 2023 жылғы
15 желтоқсаннан бастап ашылды.