
2023 жылғы 11 қыркүйек - Софияда өткен XI Халықаралық «Славян ертегі» кинофестивалінде қазақстандық режиссер Рүстем Әбдрашевтің «Қазақ хандығы. Алтын тақ» кинокартинасы үздік көркем фильм номинациясы бойынша "Гран-при" жеңіп алды. Бұл ретте картинаның авторы еуразиялық кеңістіктегі мәдени байланыстарды дамытуға және нығайтуға қосқан үлесі үшін арнайы диплом алды.
Бұл марапаттар отандық кинематографтың және қазақстандық режиссер жұмысының жоғары бағаға ие болғанын көрсетеді. Атап айтқанда, кинофестиваль ұйымдастырушылары қазақстандық кино шеберлерін болашақ жобаларға тартуға үлкен қызығушылық танытты.
«Славян ертегісі» Халықаралық кинофестивалі Болгарияда 2013 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді. Кинофестивальдің қазылар алқасының мүшелері Болгария, Германия, Украина, Өзбекстан және т. б. елдердің өкілдері болып табылады.