Болгарияның ірі ақпараттық агенттіктерінің бірінде ақпараттық саладағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Болгарияның ірі ақпараттық агенттіктерінің бірінде ақпараттық саладағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

София, 2023 жылғы 9 ақпан – Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев «Fakti.bg» Агенттігінің басқарушысы Камен Алексиевпен кездесу өткізді.

Кездесу Елшілік пен «Fakti.bg» арасындағы ақпарат саласындағы өзара әрекеттесудің өзекті мәселелеріне арналды. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстан Елшісі сұхбаттасушыны еліміздегі ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалармен және алдағы парламенттік сайлаумен (2023 жылғы 19 наурыз) таныстырды.

Кездесу соңында тараптар одан әрі тығыз ынтымақтастыққа мүдделілігін растады.

 

«Fakti.bg» Болгарияның ірі ақпараттық холдингтерінің қатарына кіреді. Ай сайын осы интернет-басылымның сайтын 1 миллионнан астам адам қарайды.