Ұлттық кітапханадағы кездесу туралы

Ұлттық кітапханадағы кездесу туралы

София, 2022 жылғы 15 қараша – Қазақстан Елшісі Т. Ізбастин " Св.св. Кирил и Методий" Ұлттық кітапханасының директоры К. Александровамен кездесу өткізді.

Әңгімелесу барысында тараптар мәдени-гуманитарлық саладағы және кітапхана ісіндегі ынтымақтастық перспективалары бойынша пікір алмасты. Практикалық өзара әрекеттесуге жалпы көзқарас білдірілді.

Кездесу соңында кітапханаға Елшіліктің бастамасымен болгар тіліне аударылған қазақстандық жазушылардың бірқатар кітаптары сыйға тартылды.