Болгарияның Экономика және өнеркәсіп министрлігіндегі кездесу туралы

Болгарияның Экономика және өнеркәсіп министрлігіндегі кездесу туралы

София, 2022 жылғы 14 қараша – Қазақстан Елшісі Т.Ізбастин Болгария Республикасы Экономика және өнеркәсіп министрінің міндетін атқарушысы Н.Стояновпен кездесу өткізді.

Әңгімелесу барысында екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларына қатысты жан-жақты пікір алмасу өтті.

Тараптар Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Болгария үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) 5-ші отырысын өткізу сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды дамытуға жаңа серпін беретіні туралы тезиспен келісті. Осы бағытта одан әрі бірлесіп жұмыс істеу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сонымен қатар, Елші Т.Ізбастин Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев жүргізіп жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар, сондай-ақ Қазақстандағы шетелдік бизнес үшін жасалынып жатқан қолайлы жағдайлар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Өз кезегінде Н.Стоянов мемлекеттік мақсаттар мен міндеттерді іске асыруда табыс тіледі.