2022 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасы мен Болгария Республикасы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауының 30 жылдық мерейтойын атап өтеді.
Екіжақты қарым-қатынастардың отыз жылы бойы дәйекті дамуы ынтымақтастыққа деген өзара қызығушылықтың артқанын көрсетеді: барлық деңгейлерде тұрақты саяси диалог сақталуда, делегациялардың сапарлары жүзеге асырылуда, шарттық-құқықтық базаның берік негізі құрылды. Қазақстан-Болгария қарым-қатынастарының деңгейі олардың өсіп келе жатқан әлеуеті мен ынтымақтастықтың берік негізін көрсетеді.
Қазақстан Республикасы мен Болгария Республикасы бейбітшілік пен жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосу арқылы халықаралық аренада сындарлы өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың (1999 ж.) Болгария Республикасына сапары, президенттер Желю Желев (1993 ж.) және Георги Пырвановтың (2003 және 2010 жж.), вице-президенттер Ангел Марин (2006 ж.), Маргарита Попова (2016 және 2018 жж.) және Илияна Йотованың (2019 ж.) Қазақстан Республикасына сапарлары жан-жақты диалогты кеңейтуге маңызды серпін берді.
2019 жылы Софиядағы Дипломатиялық миссияны Қазақстан Республикасының Елшілігі дәрежесіне көтерілуі маңызды оқиға болып, бұл тараптардың ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамыту ниетінің дәлелі.
Қазақстан-Болгария сауда-экономикалық қатынастары да табысты дамып келеді. Бұл байланыстардың нығайюына Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның қызметі ықпал етеді. Тараптар бірқатар перспективалы бағыттарда ынтымақтастыққа тұрақты қызығушылық танытып отыр.
Мәдени-гуманитарлық салада ынтымақтастық дамып, мәдени құндылықтарды өзара ілгерілету жүзеге асырылып жатыр. Білім беру саласы жақсы серпінді көрсетіп отыр, екі елдің ірі жоғары білім беру орындары арасындағы ынтымақтастық орбитасына енгізілген.
Дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылы ішінде Қазақстан Республикасы мен Болгария Республикасы ынтымақтастықтың барлық бағыттарында айтарлықтай табыстарға қол жеткізді және бұл екі ел халықтарының игілігі мен бейбітшілігі, қауіпсіздігі пен тұрақтылық мүдделері үшін саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге бағытталған.