Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 14 ақпан – Еуропалық одаққа мүше мемлекеттер Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғырту бағытын дәйекті қолдауға мүдделі. Бұл туралы және жалпы күн тәртібіндегі басқа да өзекті мәселелер бойынша бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Қазақстанда аккредиттелген Еуропалық одаққа мүше мемлекеттердің елшілерімен кездесуінде айтылды.
Кездесудің негізгі тақырыптары инвестициялық, сауда-экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты жандандыру, ағымдағы жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалардан кейінгі Қазақстандағы қазіргі ахуал, сондай-ақ одан әрі екіжақты және көпжақты өзара іс-қимылдың басымдықтарын талқылау болды.