Nazarbayev University Graduate School of Public Policy (NU GSPP)-де жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу және зерттеу жүргізу мүмкіндіктерін жіберіп алмаңыздар.
NU GSPP мектебінің құрылғанына он жыл болып, ол Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Ауғанстан елдерінен келген 300 түлек үшін альма-матерға айналды. Қазір таңда мектепте 200-ге жуық ізденуші дәріс алуда.
Мектеп профессорлары АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Сингапур, Италия, Греция, Оңтүстік Корея, Пәкістан және Қазақстан елдерінен келген.
NU GSPP мемлекеттік саясат және мемлекеттік басқару саласындағы магистратура бағдарламаларын, сондай-ақ мемлекеттік саясат саласындағы докторантура бағдарламасын ұсынады. Сондай-ақ толық оқу ақысын өтейтін мемлекеттік білім беру гранттарын және академиялық үлгерімі жоғары болған жағдайда ай сайынғы стипендия берілетін болады. Оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі.
2019 жылы NU GSPP магистратура бағдарламаларын Еуропалық мемлекеттік және муниципалдық басқару саласындағы бағдарламаларды аккредиттеу қауымдастығы (EAPAA) аккредиттеген.
NU GSPP 2012 жылы ашылған сәттен бастап Сингапур Ұлттық университетінің «Ли Куан Ю» мемлекеттік саясат мектебімен сенімді стратегиялық әріптестікті қолдап келеді.
Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің миссиясы адамдардың өмір сапасын жақсарту мақсатында мамандар мен көшбасшыларды түбегейлі мемлекеттік саясат пен тиімді басқаруды түсіну мен жүзеге асыруға оқып үйрету болып табылады. Осы мақсатқа жету мақсатында саясат пен көшбасшылықтың негізгі мәселелеріне баса назар аударылып, оқытудың, зерттеулер жүргізу мен басшы кадрлардың біліктілігін арттырудың жоғары деңгейі ұсынылады.
Осыған орай, ниет білдірген барлық азаматтарды 9 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты сағат 19:00-де өтетін Виртуалды ашық есік күніне қатысуға шақырамыз.
Тіркелу үшін келесі сілтеме арқылы өтуге болады: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSc_1AavLXc9upLH5nbKQraDHKyh8LxWODKQGJAQ2IaErC88Kw/viewform