
София, 2025 жылғы 24 қазан – Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев София техникалық университетінде болды.
Сапар барысында универсеттің ректоры профессор, доктор Георгий Венковпен кездесу өтті. Осы сәтті пайдалана отырып Елші басшылық және
профессор-оқытушылар құрамын оқу ордасының 80 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Тараптар техникалық білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты арттыру мүмкіндіктерін талқылап, жасанды интеллект (ЖИ), инженерия және цифрлық трансформация саласындағы академиялық ұтқырлық бойынша жобаларды дамытудың үлкен әлеуетіне сенім білдірді.
Осы тұрғыда Елші В.Темірбаев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың озық технологияларды дамыту және ЖИ саласындағы бастамаларымен таныстырды.
Ү.ж. қазан айының басында өткен Жасанды интеллектті дамыту жөніндегі кеңестің бірінші отырысында Мемлекет басшысы ғылым, инновация және халықаралық ынтымақтастықтың орталығына айналатын және ЖИ-ке бағытталған мамандандырылғын зерттеу университетін ашу туралы жариялады. Жаңа оқу орнының технологиялық негізі қазірдің өзінде ұлттық ЖИ-ті дамыту орталығына айналған платформа Alem AI болады.
Кездесудің соңында тараптар әңгіме барысында талқыланған барлық мәселелер бойынша жұмыс байланыстарын жалғастыруға уағдаласты.
2018 жылдан бері София техникалық университетінде «Абай» мәдени-танымдық орталығы жұмыс істейді.
Орталық қазақ әдебиеті, мәдениеті мен дәстүрлеріне арналған іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастыра отырып, мәдени және білім алмасу үшін маңызды алаңға айналып, Қазақстан мен Болгария халықтары арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етті.