София, 2025 жылғы 24 қыркүйек – Қазақстанның Болгариядағы Елшілігінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Болгарияның сарапшылар және ғылыми қауымдастығы, БАҚ және Тілшілер одағының өкілдері қатысты.
Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев қатысушыларды Жолдаудың басты месседждерімен таныстырып, Үкіметке алдағы үш жыл ішінде Қазақстанды ауқымды цифрлық трансформациялау және толыққанды цифрлық мемлекет құру туралы стратегиялық міндет қойылғандығын жеткізді.
Қазақ дипломаты сондай-ақ сарпашылардың назарын ел экономикасының әлеуетті секторларына шетелдік капитал тар, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым және логистика саларына озық технологиялар енгізу үшін инвестициялық жүйені қайта құру қажеттілігіне аударды. Мемлекет басшысының бірпалаталы Парламентке өту ұсынысына ерекше назар аударылды. Осыған орай, аталған мәселені 2027 жылы жалпыұлттық талқылауға (референдум) шығару туралы шешім Қазақстанның азаматтардың елдің болашағын айқындауға тікелей қатысуы арқылы демократиялық тәжірибені нығайтуына бейілділігін растайды.
Оған қоса, В.Темірбаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясында жаһандық жағдайға баға бере отырып, БҰҰ-ны реформалауды ұсыну жөніндегі сөйлеген сөзінің негізгі тұстарын айтты. Оның ішінде, Азия, Африка және Латын Америкасының жетекші елдері ротация тәртібімен төрағалық ететін Қауіпсіздік Кеңесін реформалау, сондай-ақ Қазақстан және Болгария секілді жауапты «орта державалардың» рөлін арттыру бойынша нақты ұсыныстар енгізу үшін мемлекеттердің жаңа коалициясын құру туралы бастамасын атап өтті.
Іс-шара қатысушылары Қазақстанда орын алып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жоғары баға беріп, Президент Жолдауында көтерілген мәселелердің өзекті екендігін атап өтті. Болгар сарапшылары Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қойған міндеттерді іске асыру ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанның орнықты және үдемелі дамуына жаңа серпін беріп, оның халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттыратындығына сенім білдірді. Одан басқа, Мемлекет басшысының БҰҰ жоғары төрінде айтқан бастамалары уақтылы екендігін, сондай-ақ оның жаһандық күн тәртібіне қатысты прагматикалық және сындарлы көзқарасы атап өтілді.