Меню
Страницы
Консулдық мәселелер
Елшілік туралы
Екіжақты ынтымақтастық
Байланыс ақпарат
Все материалы
09 мая 2025
Қазақстан Елшілігінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқандарды еске алды

София, 2025 жылғы 9 мамыр - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Елші Виктор Темірбаев бастаған Қазақстан Елшілігінің дипломаттары София қаласындағы Кеңес жауынгерлерінің бауырластар зиратына гүл шоқтарын қойып, қаза тапқандарды еске алды.

Сондай-ақ, ҚР-дың Құрметті консулдарының көмегімен  соғыс жылдары қаза тапқан қазақстандық жауынгерлер жерленген Болгарияның басқа да – Бяла, Пазарджик, Суворово және Старо Загора қалаларында гүл шоқтары қойылды.

Отан үшін қаза тапқан батырлар мәңгі есімізде!

30 апреля 2025
Болгария Сыртқы істер министрлігінде қазақстан-болгар ынтымақтастығын дамыту перспективалары талқыланды

2025 жылғы 29 сәуір, София – Қазақстанның Болгариядағы Елшісі Виктор Темірбаев Сыртқы саяси мекеме басшысының орынбасары Елена Шекерлетовамен кездесу өткізді.

Келіссөздер барысында тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен олардың даму перспективаларына кеңінен тоқталып, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша, соның ішінде «Орталық Азия – Еуропалық одақ» тарихи саммитінің (2025 ж. 4 сәуір, Самарқанд қ.) қорытындылары жөнінде пікір алмасты.

Ағымдағы жылы жоғары және аса жоғары деңгейлерде жоспарланған іс-шаралар кестесіне ерекше назар аудара отырып, тараптар саяси диалогтың жоғары қарқынын сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Бұл ретте, болгар тарапы ҚР мен ЕО арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастардың жүйелі дамуына, соның ішінде визалық режимді жеңілдету мәселесі бойынша қолғабыс көрсетуге дайындығын білдірді.

Сауда-экономикалық ынтымақтастықты талқылау барысында тараптар екіжақты тауар айналымының өткен жылы төрт есеге өскеніне (375 млн. доллар), сондай-ақ Қазақстанның үстіміздегі жылы Болгарияның Еуроодаққа кірмейтін үш ірі импорттаушы мемлекеттерінің қатарына кіргеніне қанағаттанушылық білдірді.

Осы тұрғыда, ү.ж. мамыр айының соңында өткізілуі жоспарланған Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 5-ші отырысын мазмұндық жағынан толықтыру қажеттілігі ерекше атап өтілді. Ең алдымен, бұл энергетика, соның ішінде жасыл күн тәртібі, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және көлік-транзит салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты қамтиды.

Кездесу соңында сұхбаттасушылар жоғарыда аталған бағыттар бойынша жұмыс байланыстарды жалғастыруға уағдаласты.

17 апреля 2025
Жеңіс күні қарсаңында Софияда «1941 жылдың жазы» қазақстандық фильмінің көрсетілімі өтті

София, 2025 жылғы 16 сәуір - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80-жылдығын мерекелеу аясында Қазақстан Елшілігі Софиядағы Ресейлік мәдени-ақпараттық орталықта қазақстандық «1941 жылдың жазы» фильмінің көрсетілімін ұйымдастырды. «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ-ның қолдауымен ұйымдастырылған іс-шараға дипломатиялық корпустың, қазақ диаспорасының өкілдері және болгар киносүйер қауымы қатысты.

Елші Виктор Темірбаев өзінің құттықтау сөзінде Қазақстанның дүниежүзіндегі жалпы жеңіске, әділдік пен бостандықтың салтанатына зор үлес қосқанын атап өтті. Қазақстандық дипломат өскелең ұрпақ үшін керемет батылдық пен шынайы патриотизмнің үлгісі болып табылатын екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы отандастарымыздың жауынгерлік және еңбек ерліктеріне назар аударды. Сондай-ақ В.Темірбаев Жеңіске керемет күш-жігер мен орасан зор құрбандықтардың бағасымен қол жеткізілгенін, атап айтқанда, ол майдангерлердің теңдесі жоқ батылдығы мен мызғымас рухының, тыл еңбеккерлерінің табандылығы мен жанқиярлығының арқасында жүзеге асқанын атап өтті.

Режиссер Бекболат Шекеровтың «1941 жылдың жазы» фильмі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы партизандық отрядтармен болған шайқастар туралы баяндайды. Кинокартина Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батылдығымен ерекшеленген және диверсиялық топтарды басқарған көрнекті қазақ қайраткері, лейтенант Ади Шариповтың өмірбаяндық тарихын көрсетеді.

Қазақстандық кинокартина болгар аудиториясы мен іс-шараның барлық қонақтарының қызығушылығын тудырды.

03 апреля 2025
Болгария астанасында Наурыз мейрамы кеңінен атап өтілді

София, 2025 жылғы 2 сәуір - Болгария астанасында Наурыз мерекесіне орай Қазақстан Елшілігінің бастамасымен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» Мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы музыканттарының концерті өтті.

Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев қонақтарды қарсы алып, Наурыздың тарихы туралы айтып, оның бейбітшілікті, достық пен келісімді бейнелейтін ұлттық мәдениеттегі аса маңызды мереке ретіндегі терең мәнін атап өтті. 

 «Қазақконцерт» МАКҰ музыканттарының орындауындағы концерт ұмытылмас әсер қалдырды. Халық аспаптары домбыра, қобыз және жетігінде орындалған шығармалар еліктірер әуендерді жандандырып, нағыз көктем мерекесінің атмосферасын қалыптастырды.

Концерттен кейін қабылдау өтіп, онда қонақтар Наурыз үшін дәстүрлі қазақ тағамдарынан дәм татуға мүмкіндік ала отырып, олардың әрқайсысы қазақ қонақжайлылығының мәнін жеткізе алатын шеберлікпен және сүйіспеншілікпен орындалды. Қазақтың аспаздық әртүрлілігі кешке ерекше жылулық пен қуаныш атмосферасын қосты.

Іс-шараға Болгария Президенті Әкімшілігінің, мемлекеттік органдар мен ведомстволардың басшылары, Халық Жиналысының (Парламенттің) депутаттары, дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың басшылары, шығармашылық зиялы қауым, болгар жұртшылығы мен БАҚ өкілдері қатысты.

Бұл кеш ұлттық музыка сұлулығының және мәдени мұрамыздың бірегейлігінің жарқын үлгісі болды.

 

Айта кетейік, Наурыз мерекесі болгарлық «Първа пролет» мерекесімен сәйкес келіп, ұқсас мағынаға ие және көктемнің басталуын бейнелейді.

04 марта 2025
2025 жылғы Астана халықаралық форумы жаһандық мәселелер мен басымдықтар бойынша маңызды диалог алаңына айналады

2025 жылғы 29-30 мамыр аралығында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен халықаралық дипломатия және ынтымақтастық мәселелеріне қатысты мемлекетаралық диалогқа ықпалдасуға бағытталған Астана халықаралық форумы (AIF) өтеді. Форумға мемлекеттер мен үкіметтердің, компаниялар мен академиялық топтардың басшылары жаһандық дүрбелең мен поляризация жағдайында өзекті мәселелердің практикалық шешімдерін табу үшін қатысады.

Стратегиялық орналасуы мен өсіп келе жатқан халықаралық белсенділігінің арқасында Қазақстан геосаяси шиеленіс жағдайында мемлекетаралық ынтымақтастыққа ықпалдасуда белсенді рөл атқаруда. Шығыс пен Батысты тарихи байланыстырушы ретінде ел ұзақ уақыт бойы инклюзивті халықаралық жүйені қолдауда және осы мақсатқа жетуге берік болып қалады.

Астана халықаралық форумы – бұл міндеттеменің жарқын көрсеткіші. 5000-нан астам халықаралық қонақтар қатысқан 2023 жылғы Форумның жетістігіне сүйене отырып, биылғы қатысушылар халықаралық жүйенің болашағын айқындайтын маңызды мәселелерді, сондай-ақ негізгі салаларға әсер ететін жаңа үрдістерді талқылайды.

Сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік, Энергетика және климаттың өзгеруі, Экономика және қаржы сияқты үш негізгі тақырыпқа бөлінген іс-шара бағдарламасы мемлекет басшылары мен сала көшбасшыларымен жоғары деңгейдегі сессияларды, сондай-ақ танымал сарапшылар мен саясаткерлердің қатысуымен кең ауқымды панельдік пікірталастарды қамтиды.

Форумның жаңа серіктестіктер құруға және ынтымақтастыққа ықпалдасуға деген ұмтылысын көрсете отырып, әрбір сессия алдағы онжылдықты айқындайтын дипломатиялық, экономикалық және әлеуметтік мәселелерге жаңа көзқарастар қалыптастыруға бағытталатын болады. «Идеяларды біріктіре, болашақты қалыптастыра» тақырыбындағы биылғы Форум мультилатерализм мен дипломатияның жаңа дәуірінің күн тәртібін анықтайды.

Іс-шараға тіркелу келесі сілтеме арқылы қолжетімді: https://astanainternationalforum.org/

12 февраля 2025
Ғылым саласындағы ынтымақтастық Қазақстан-Болгария күн тәртібінің басым бөлігі

София, 2025 жылғы 12 ақпан - Ғылыми-академиялық саладағы ынтымақтастықты нығайту және «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы» КЕАҚ (ҰҒА) мен Болгар ғылым академиясы (БҒА) арасындағы өзара іс-қимылды тереңдету перспективаларын талқылау мақсатында Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев БҒА басшысы Евелина Славчевамен кездесті.

Өткен мазмұнды сұхбат барысында қазақстандық дипломат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі ғылым саласын дамыту бойынша алға қойған міндеттері аясында ҰҒА-ның ағымдағы қызметі туралы болгар академигін хабардар етті, сондай-ақ осы мүмкіндікті пайдалана отырып, «Kazakhstan: BornBold» жаһандық ақпараттық кампаниясы және алдағы Астана халықаралық форумының (AIF 2025) рөлі мен мәні туралы айтып, AIF 2025 шақыруды табыс етті.

Өз кезегінде Е.Славчева ғылыми ведомстволар желісі бойынша екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және тереңдетуге мүдделілігін білдіріп, әсіресе жасыл энергетика, сутегі технологиялары және жасанды интеллект салаларындағы әріптестікті дамытуға қызығушылығын танытып, сондай-ақ қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыруға дайындығын ерекше атап өтті.

Кездесу соңында әңгімелесушілер барлық мәселелер бойынша жұмыс байланыстарын жүргізуге келісті.

        

Болгар ғылым академиясы ғылым мен инновацияны дамыту саясатын жүзеге асыратын Болгарияның жетекші ғылыми-сараптамалық орталығы. БҒА 300-ге жуық ғалым жұмыс істейтін 42 автономды ғылыми бөлімшелерден тұрады.

10 февраля 2025
Болгария Транскаспий халықаралық көлік бағыты шеңберіндегі ынтымақтастықты дамытуға мүдделі

София, 2025 жылғы 10 ақпан – Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев жаңадан тағайындалған Болгария Премьер-Министрінің орынбасары – Көлік және байланыс министрі Гроздан Караджовпен кездесу өткізді.

Әңгімелесушілер Астана мен Софияның көлік-логистика саласындағы ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен оны әрі қарай дамыту әлеуетін егжей-тегжейлі талқылады. Кездесу барысында Еуропа, Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы көлік-транзиттік ағымдарды қамтамасыз етудегі артып келе жатқан рөлі контексінде Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) шеңберіндегі өзара іс-қимылдарды арттыру мүмкіндіктеріне аса көңіл аударылды.

Елші В.Темірбаев Үкіметтің ТХКБ бойындағы қазақстандық порттардың инфрақұрылымын дамыту және қуаттылығын арттыру бойынша қабылдап жатқан шаралары, атап айтқанда Ақтау портында контейнерлік хаб және Құрық портында «Саржа» көпфункционалды теңіз терминалының құрылыстары туралы айтып берді. «Болгария, Қазақстан секілді, жаһандық сауда тізбегінде маңызды транзиттік рөлді атқарады және осы тұрғыда біз көлік-транзиттік саладағы ынтымақтастықты жандандыруымыз қажет», - деді қазақ дипломаты.   

Одан басқа, халықаралық автокөлік тасымалы саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері, оның ішінде рұқсат бланкілері квотасын өзара ұлғайту мүмкіндіктері бойынша пікір алмасу орын алды.

Өз кезегінде, Министр Г.Караджов Болгарияның Азия мен Еуропа арасындағы транзиттік тасымалдар үшін көлік-логистикалық хабы болуға әлеуеті бар екенін атап өтіп, ТХКБ-ны дамыту мақсатында өзара іс-қимылды жандандыруға дайын екенін білдірді. Болгар министрі бұл, соның ішінде, өзара сауда көлемінің ұлғаюына әкелетінін атап өтті.

Кездесу соңында тараптар барлық өзекті мәселелер бойынша жұмыс байланыстарын қолдауға уағдаласты.

07 февраля 2025
Қазақстан білікті мамандар мен цифрлық көшпенділер үшін жаңа виза санаттарын енгізуде

Қазақстан еліміздің жаһандық таланттар мен инновациялар орталығы ретіндегі ұстанымын нығайта отырып, білікті мамандарды, кәсіпкерлерді және қашықтағы жұмыскерлерді тартуға арналған визалардың үш жаңа санатын іске қосты. «Neo Nomad» (B12-1), «Digital Nomad» (B9-1), Тұрақты тұруға арналған (Visa for Permanent Residence) (B9) визалар Қазақстанда мансаптық өсу, бизнесті кеңейту немесе қашықтан жұмыс істеу сияқты ұзақ мерзімді мүмкіндіктер іздейтін азаматтар үшін икемді жолдарды ұсынады.

Neo Nomad визасы (B12-1): Қашықтан жұмыс істейтіндер үшін бірегей ұсыныс

Neo Nomad визасы (B12-1) Қазақстанда тұрып, шетелдік табысын сақтай отырып, қашықтан жұмыс істегісі келетін кәсіби мамандар мен цифрлық кәсіпкерлер үшін арнайы әзірленген.

  • Neo Nomad визасы – бұл бір жылға дейін берілетін көп мәртелік виза.
  • виза иелері Қазақстанда болу мерзімін тағы бір жылға ұзарта алады.
  • отбасы мүшелері мен асырауындағылар да визаны сол мерзімге ала алады, алайда еңбек және діни қызметтері қазақстандық заңнамамен шектеледі.

Заманауи инфрақұрылымның, қолжетімді өмір сүру құнының және дамып келе жатқан халықаралық іскерлік ортаның арқасында Қазақстан Орталық Азиядағы серпінді және жақсы байланысқан базаны іздейтін қашықтан жұмыс жасайтындар үшін тамаша мүмкіндік болып табылады.

Digital Nomad визасы (B9-1): Тұрақты тұруға апаратын жол

Digital Nomad визасы (B9-1) тұрақты тұруға ықтиярхат алу үшін Қазақстанға көшетін ІТ саласындағы сұранысқа ие мамандарға арналған. Ол қазақстандық жұмыс күшіне кірігуге және елдің экономикалық дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндік береді.

  • визалық және көші-қон порталы арқылы бір жылға дейінгі қолданылу мерзімі бар бір мәртелік электрондық виза алуға болады.
  • жарамдылық мерзімі бір жылға дейін көп мәртелік қағаз визаны Ішкі істер министрлігі арқылы B9-1 бір реттік электронды виза негізінде алуға болады.

Қазақстан технологиялар, қаржы және басқа да сұранысқа ие салаларда мүмкіндіктері көп тұрақты, бизнес үшін қолайлы ортаны ұсынады. Digital Nomad визасы тұрақты тұруға рұқсат алуға өтініш беру процесі жүріп жатқан кезде мамандарға Қазақстанда қоныстануға мүмкіндік береді. Digital Nomad визасын алу үшін Astana Hub немесе Қазақстанның IT-секторындағы уәкілетті органның қолдаухаты талап етіледі.

Тұрақты тұруға арналған виза (B9): Білікті мамандар үшін ұзақ мерзімді мүмкіндік

B9 визасы медицина, ғылым, инновация, білім беру және шығармашылық индустриялар сияқты салаларда сұранысқа ие дағдылары бар шетелдік мамандар үшін Қазақстанда ұзақ мерзімді тұрақтануға мүмкіндік беретін құрылымдық жолды ұсынады.

  • мерзімі 90 күнге дейінгі бір реттік визалар.
  • мерзімі 90 күнге дейінгі көп мәртелік визалар, жылына бір рет беріледі.

Қазақстанға келе отырып кәсіби мамандар тұрақты тұруға рұқсат ала алады, бұл тұрақтылықты және жергілікті еңбек нарығына кірігу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Қазақстанның стратегиялық орналасуы, экономикалық өсудің жоғары қарқыны және бизнес үшін қолайлы саясат оны мансаптық өсуге және өмірдің жоғары сапасына ұмтылатындар үшін тартымды бағытқа айналдырады.

Не үшін Қазақстан?

Қазақстан - өмір сүрудің жоғары деңгейін, қуатты цифрлық инфрақұрылымды және кәсіби мүмкіндіктерді арттыратын өңірдегі ең жылдам дамып келе жатқан экономикалардың бірі. Ел заманауи қалалық орталықтар мен таңғажайып табиғи ландшафттардың бірегей үйлесімі болып табылады, бұл оны мансаптық өсуге де, белсенді өмір салтына да ұмтылатын кәсіби мамандар үшін тамаша бағытқа айналдырады.

Сіз ұзақ мерзімді мүмкіндіктерді іздейтін білікті маман болсаңыз да, жаңа, шабыттандыратын орын табуға ұмтылатын цифрлық көшпенді болсаңыз да, Қазақстанға визалардың жаңа нұсқалары дамып келе жатқан жаһандық орталықта өркендеу үшін қажетті икемділік пен қолдауды қамтамасыз етеді.

Визалық өтініштер мен талаптар туралы толығырақ ақпарат алу үшін Елшілікке хабарласыңыз.

06 февраля 2025
Рухани дипломатияны дамыту Қазақстан-Болгария ынтымақтастығының назарында

София, 2025 жылғы 6 ақпан – Қазақстанның дінаралық келісім мен конфессияаралық диалогты қолдау саласындағы мемлекеттік саясатымен таныстыру мақсатында Қазақстанның Болгариядағы Елшісі Виктор Темірбаев жаңадан сайланған Болгар Патриархы мен София Митрополиті Даниилмен кездесу өткізді.

Әңгімелесу барысында қазақ дипломаты екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен келешегі туралы хабардар етіп, еліміздің этносаралық және конфессияаралық диалог қоғамының бірегей моделімен таныстырды.

Бұл ретте, В.Темірбаев конфессияаралық келісімді сақтаудағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің рөлін ерекше атап өтіп, оның Хатшылығының Басшысы Мәулен Әшімбаевтың атынан 2025 жылғы 17-18 қыркүйекте Астанада «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия» тақырыбында өтетін VIII Съездің жұмысына қатысуға ресми шақыру хатын табыстады.

Өз кезегінде, Әулие Патриарх Даниил өркениеттер мен діндер арасындағы диалогты нығайтудағы біздің еліміздің халықаралық бастамалары мен жетістіктерін жоғары бағалап, Болгар православие шіркеуінің алдағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне қатысуға қызығушылығын білдірді.

 

Болгар православие шіркеуі – автокефалиялық иелікті православие шіркеуі, Константинополь Патриархатының диптихінде 8-ші орында. Оны Болгар Патриархы, Қасиетті синод және Шіркеу-халық кеңесі басқарады.

Әулие Болгар Патриархы және София Митрополиті Даниил 2024 жылғы 30 маусымда Патриархалды шіркеу кеңесінің шешімімен Болгар православие шіркеуінің басшысы болып сайланды.

05 февраля 2025
Қазақстан мен Болгария заңсыз иемденілген активтерді қайтару саласында ынтымақтастықты нығайтуда

София, 2025 жылғы 4 ақпан - Заңсыз иемденілген активтерді қайтару бойынша құқықтық көмек көрсету саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылау мақсатында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы Нұрдәулет Сүйіндіков бастаған қазақстандық делегация Болгария Республикасының Заңсыз алынған мүлікті тәркілеу жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Антон Славчевпен кездесу өткізді.

Сұхбат барысында А.Славчев еліміздегі соңғы саяси өзгерістер мен реформалармен таныстырылды, сондай-ақ Қазақстандағы заң үстемдігін қамтамасыз ету, сот жүйесін жетілдіру және сот төрелігін жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасау саласында қабылдаған шаралар кешені жан-жақты баяндалды.  

Сұхбаттың жалғасында Н.Сүйіндіков Активтерді қайтару жөніндегі жаңадан құрылған комитет туралы, ведомствоның заңсыз иемденілген активтерді қайтаруды жүзеге асыру жөніндегі негізгі міндеттері мен мақсаттары жөнінде хабардар етті. Бұдан басқа, «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелерін таныстырып, тәркілеудің азаматтық моделін қолдану тәжірибесі және ведомствоның активтерді іздеу, табу, сәйкестендіру және тәркілеу саласындағы жетістіктері туралы жан-жақты айтып берді.

Өз кезегінде А.Славчев жүргізіліп жатқан реформаларды құптап, құқық қорғау органдары желісі бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және тереңдетуге шынайы қызығушылық танытты.

Сонымен қатар, болгар тарапы сыбайлас жемқорлық пен өзге де қылмыстарды тергеудің нәтижесінде активтерді анықтау, қадағалау және басқару саласындағы тәжірибесімен бөлісті.

Басты оқиға ретінде ҚР Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитеті мен БР Заңсыз алынған мүлікті тәркілеу жөніндегі комиссия арасындағы Әріптестік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою болды.

Меморандумның негізгі мақсаты - заңсыз активтерді тиімді іздеу, табу, сәйкестендіру және тәркілеу үшін әріптестік тетіктер мен ынтымақтастық нысандарын анықтау.

Бұл құжат құзыретті органдардың тығыз өзара іс-қимылына, қолжетімді ақпаратпен алмасуға, заңсыз иемденілген активтерді іздеу және мемлекетке қайтару саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету мүмкіндігін талдауға бағытталған.

Кездесудің қорытындысы бойынша Тараптар қол қойылған Меморандум шеңберінде өзара іс-қимылды белсенді дамытуға ниет білдірді және барлық белгіленген мәселелер бойынша ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын белгіледі.

Социальные сети
Telegram
Twitter
Instagram
Facebook
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы