Скопье, 8 мамыр 2025 – Қазақстанның Скопьедегі Елшілігі Ұлы Отан соғысындағы кеңес жауынгерлерінің жеңісіне арналған мемориалдық стелаға гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Еске алу шарасына қоғамдық ұйымдар, Солтүстік Македония үкіметінің, Скопье мэриясының өкілдері, сондай-ақ дипломаттар қатысты.
Мемориалдық стела Скопьеде 2020 жылы орнатылған болатын.