Солтүстік Македонияның Экономика министрі Астана халықаралық форумына шақырылды

Солтүстік Македонияның Экономика министрі  Астана халықаралық форумына шақырылды

Скопье, 7 мамыр, 2025 жыл – Қазақстанның Елшісі Сатыбалды Бұршақов Солтүстік Македонияның Экономика және еңбек министрі Бесар Дурмишимен кездесті.

Кездесу барысында тараптар елімізде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды, Қазақстанның инвестициялық әлеуетін, екі елдің экономикасын дамытудың басым бағыттарын талқылады.

Сондай-ақ қазақстандық дипломат екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуы аясында биылғы жылы жоспарланған шаралар туралы да хабардар етті.

Елші С.Бұршаков министр Б.Дурмишиді алдағы 29-30 мамырда өтетін Астана халықаралық форумының (AIF) тұжырымдамасымен таныстырып, оған қатысуға шақырды.

Министр Б.Дурмиши Қазақстанның қол жеткізген макроэкономикалық көрсеткіштерін жоғары бағалап, одан әрі жемісті ынтымақтастыққа мүдделілік танытты. 

Кездесу соңында тараптар өзара мүдделі мәселелер бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастыру туралы келісімге келді.