Қазақстан Елшісі Солтүстік Македония Премьер-Министрінің кеңесшісімен кездесті

Қазақстан Елшісі Солтүстік Македония Премьер-Министрінің кеңесшісімен кездесті

Скопье, 24 сәуір 2025 жылғы – Қазақстан Елшісі Сатыбалды Бұршақов Солтүстік Македония Премьер-Министрінің сыртқы саясат жөніндегі кеңесшісі, елші Сашо Марковскимен кездесті.

Кездесу барысында Елші С.Марковскиді Қазақстан-Македония ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен келешегі туралы хабардар етті, сондай-ақ бастамашыл ұсыныстар ұсынды.

Екі елдің сауда-экономикалық саладағы өзара іс-қимылына ерекше назар аударылды. Өзара сауда көлемін ұлғайту және бірлескен жобаларды іске асыру бойынша пікір алмасты.

С.Бұршақов еліміздің инвестициялық әлеуеті туралы айтып, Қазақстан саяси тұрақтылықтың, ашық экономикалық бағыттың және әлемдік сауда жүйесіне белсенді интеграцияның арқасында Орталық Азиядағы жетекші инвестициялық бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті.  Елші Қазақстан іскерлік ортаның ашықтығын арттыру және құқық үстемдігін нығайту үшін реформаларды дәйекті түрде іске асырып жатқанын, бұл шетелдік әріптестермен ұзақ мерзімді ынтымақтастық үшін берік негіз құратынын атап өтті.

Дипломаттар екіжақты ынтымақтастықтың күн тәртібін ілгерілетуге, оның ішінде ресми сапарларды ұйымдастыру және бизнес-құрылымдар арасында іскерлік байланыстар орнату арқылы жәрдемдесуге келісті.