Қазақстан Елшісі Солтүстік Македонияның бұрынғы президентімен кездесті

Қазақстан Елшісі Солтүстік Македонияның бұрынғы  президентімен кездесті

Скопье, 2025 жылғы 15 сәуір – Қазақстан Елшісі Сатыбалды Бұршақов Солтүстік Македонияның бұрынғы президенті (2009-2019 жж.) Георге Ивановпен кездесті.

Кездесу барысында Елші Г.Ивановты еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарымен, сондай-ақ Қазақстан-Македония ынтымақтастығын кеңейту перспективаларымен таныстырды.

С.Бұршақов Қазақстанның жыл сайынғы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізу жөніндегі бастамасына ерекше назар аударды. Съездің 2023-2033 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен қатысушылары туралы айтты.

Президент Г.Иванов Астанада 2010 жылы ЕҚЫҰ саммитіне қатысу үшін және 2012 жылы мемлекеттік сапармен болғанын жылы шыраймен еске алып, Қазақстанның Скопьедегі Елшілігінің ашылуын құптады және Солтүстік Македонияда Қазақстан Достары қоғамын құру идеясын қолдады.

Саясаткер өзі басқаратын Өркениеттер Альянсы халықаралық орталықтың (ICAC) қызметі, оның маңыздылығы мен әлеуеті туралы айтты. Өз басқаратын қордың жұмыс бағытын ескере отырып, Г.Иванов Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі жұмысының практикалық аспектілеріне қызығушылық білдірді.

Кездесу соңында бұрынғы президент Г.Иванов Қазақстанға тұрақтылық, қоғамдық келісім және одан әрі өркендеу тіледі.