Скопьедегі Балқан университетінде Қазақстанда өткен референдумға және жаңа Конституцияға арналаған пікірталас өтті

Скопьедегі Балқан университетінде Қазақстанда өткен референдумға және жаңа Конституцияға арналаған пікірталас өтті

Скопье, 2026 жылғы 18 наурыз – Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшісі Сатыбалды Бұршақов Скопьедегі Халықаралық Балқан университеті жанындағы Балқан зерттеу орталығы басшылығының шақыруы бойынша «Өркениеттер альянсы» орталығының қолдауымен болып өткен «Қарқынды Қазақстан, жаңа стратегия және жаңа Конституция» атты пікірталасқа қатысты.

Сарапшылардың, профессорлардың және студенттердің қатысуымен болған пікірталас барысында дипломат Қазақстанның ішкі саяси бағыты мен әлеуметтік-экономикалық серпінінің негізгі аспектілері туралы ақпарат беріп, оның сыртқы саяси стратегиясының басты бағыттары мен цифрлық трансформация саласындағы жетістіктерін атап өтті. Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларына ерекше назар аударылды.

Елші С.Бұршақов Президент Қ.Тоқаев бастамашылық еткен ауқымды саяси өзгерістердің жүру барысын жан-жақты баяндады. Осы процестердің маңызды белесі 15 наурызда өткін жалпыұлттық референдум болды, онда елдің жаңа Конституциясының ережелері бекітілді.

Аудиторияның басты назары мемлекеттің одан әрі дамуы үшін басым мәнге ие негізгі конституциялық жаңалықтарға аударылды.

Атап айтқанда, конференция қатысушыларына бірпалаталы парламент «Құрылтайдың» және халық мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган «Қазақстанның халқы кеңесінің» құрылуы, сондай-ақ атқарушы вертикалдың неғұрлым тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған вице-президент лауазымының белгіленуі сияқты түбегейлі өзгерістер егжей-тегжейлі түсіндірілді. Парламент рөлінің едәуір күшейтілуіне, оның үкімет қызметіне бақылау функцияларының кеңейтілуіне қатысты түсіндірмелер маңызды блокқа айналды.

Сонымен қатар, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының мызғымас кепілдіктерінің конституциялық тұрғыдан бекітілуі құқықтық жүйенің дамуындағы жаңа кезеңді белгілейтіні, осы құндылықтарды мемлекеттің ең жоғары басымдығы ретінде бекітетіні атап өтілді.

Университет аудиториясына сондай-ақ Қазақстан, оның дәстүрлері мен халқы туралы баяндайтын бейнероликтер мен фотосуреттер көрсетілді.

Пікірталас кезінде Елші конференцияға қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді.