Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасы Солтүстік Македония Парламентінде таныстырылды

Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасы Солтүстік Македония Парламентінде таныстырылды

Скопье, 2026 жылғы 16 ақпан – Қазақстанның Елшісі Сатыбалды Бұршақов Солтүстік Македония Парламенттік тобының төрағасымен Никола Коняновски бастаған ҚР-мен ынтымақтастық жөніндегі мүшелерімен кездесуде Қазақстанның жаңа Конституциясы туралы презентация жасады.

Елші С.Бұршақов депутаттарды а.ж. 15 наурызында Қазақстанда саяси жүйені одан әрі демократияландыру мен жаңғыртуды, Президенттен Парламентке бірқатар билік өкілеттіктерін қайта бөлуді және жергілікті өкілді органдардың рөлін күшейтуді көздейтін жаңа конституция жобасын қабылдау бойынша жалпыұлттық референдум өткізу туралы хабардар етті.

Қазақстандық дипломат ұсынылған Конституциялық новеллалар ықпалды парламенті бар супер президенттік модельден президенттік республикаға көшудің соңғы кезеңін белгілейтініне назар аударды. Елші жаңа Конституция «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласы бойынша билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді айқындау арқылы тежеу мен тепе-теңдік жүйесін жетілдіруге арналғанын атап өтті.

С.Бұршақов Негізгі Заңды жаңартудың негізгі мақсаты мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформация мен жаһандық тұрақсыздықты қоса алғанда, қазіргі әлемнің сын-қатерлеріне бейімдеу болып табылатынын атап өтті. Реформаның өзегінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, жеке өмірге қол сұқпаушылық пен дербес деректер қауіпсіздігіне кепілдіктерді бекіту, сондай-ақ ресурстық даму моделінен адами капиталға, ғылым мен инновацияларға негізделген экономикаға көшу мәселелері тұр.

Кездесу барысында тараптар екіжақты парламентаралық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады және өзара қызығушылық тудыратын халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Сонымен қатар, Қазақстан Елшісі Солтүстік Македония парламентшілеріне Қазақстан Республикасының Құрылтайшы Мемлекет ретінде Бейбітшілік Кеңесінің құрамына кіру және Авраам келісімдеріне қосылу туралы шешімі туралы жан-жақты ақпарат берді.

Кездесу соңында Елші С.Бұршақов Қазақстанның саяси жүйесін кешенді жаңғыртуға жоғары қызығушылық танытқан депутаттардың сұрақтарына жауап берді. Солтүстік Македония парламентшілері биліктің заң шығарушы тармағының өкілеттіктерін кеңейтуге және азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге бағытталған конституциялық реформаның қазақстандық тәжірибесін зерделеуге қызығушылық білдірді.