
Скопье, 2026 жылғы 15 қаңтар – Қазақстанның Елшісі Сатыбалды Бұршақов Солтүстік Македония Экономикалық палатасының бас директоры Антони Пешевпен кездесті.
Кездесу барысында Македония тарапы Қазақстанның сыртқы саяси және сыртқы экономикалық басымдықтарымен, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақ баспасөз беттерінде жарияланған қаңтарда сұхбатының негізгі мазмұнымен танысты.
Іскерлік байланыстарды кеңейту, өзара сауданы жандандыру мүмкіндіктеріне, Қазақстан-Македония іскерлік кеңесін құру жөніндегі шараларға, екі елдің өзара тиімді инвестициялық жобаларына қатысу перспективаларына ерекше назар аударылды.
Пікір алмасу барысында өңірдің іскерлік ынтымақтастығын ілгерілету мақсатында Елшілік 2026 жылы Қазақстанда өткізуі жоспарланған көрмелер мен бизнес-конференциялардың тізбесін, сондай-ақ Македония нарығында Қазақ экспортын ілгерілету жөніндегі ақпарат берді.