Скопьеде Қазақстан Тәуелсіздік күніне арналған презентация өтті

Скопьеде Қазақстан Тәуелсіздік күніне арналған презентация өтті

Скопье, 2025 жылғы 4 желтоқсан,– Скопье қаласының Мәдени-ақпараттық орталығында Қазақстан Республикасының Солтүстік Македониядағы Елшілігі Тәуелсіздік күніне және Егемендік декларациясының қабылданғанына 35 жыл толуына арналған презентация ұйымдастырды. Іс-шараға мәдениет, академиялық және іскерлік орта өкілдері, БАҚ, саясаткерлер, дипломаттар мен жұртшылық қатысты.

Іс-шараның ерекше бөлімі Қазақстанның табиғи және мәдени көрікті жерлеріне арналған, ҚР Елшілігі алғаш рет ұсынған фотокөрме болды. Қонақтар назарына елдің көркем ландшафттары, заманауи сәулет нысандары және тарихи мұра объектілері ұсынылып, Қазақстан жерінің байлығы мен әсемдігін жан-жақты көрсетуге мүмкіндік берді.

Жарқын визуалды экспозициямен толықтырылған таныстырылым Қазақстанның қарқынды дамуын айқын көрсетіп, қатысушылардың екіжақты ынтымақтастық перспективалары туралы хабардарлығын арттырды.

Іс-шараның мәдени бағдарламасы қонақтарға қазақ дәстүрлерінің атмосферасына терең бойлауға мүмкіндік берді. Қазақ диаспорасы өкілдерінің домбырадағы халық күйлері, ұлттық билері және ұлттық тағамдардан дәм тату іс-шараның жарқын  есте қаларлық сәттері боп, көпшіліктің жоғары бағасын алды.

Өзінің құттықтау сөзінде Қазақстанның Елшісі Сатыбалды Бұршақов Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың еліміздің тұрақты дамуы мен қазақстандық қоғамның тұрақтылығын нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті.