Солтүстік Македония Президенті Скопьедегі дипломатиялық қайырымдылық жәрмеңкесінде Қазақстан стендін тамашалады

Солтүстік Македония Президенті Скопьедегі дипломатиялық қайырымдылық жәрмеңкесінде Қазақстан стендін тамашалады

Скопье, 2025 жылғы 30 қараша – Скопьеде Македон мәдени орталығының қолдауымен жыл сайынғы қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.

Қазақстан Елшілігі түрлі сувенирлер, кітап және Қазақтың кейбір танымал тағамдарынан ауыз тиіу үшін қалың жұртшылыққа дастархан жайды. Қонақтар зергер заттар мен әшекей бұйымдарға қызығүшылық танытып, бауырсақ, самса, ірімшік сияқты тағамдардан дәм татты.

«Kazakhstan: Born Bold» атты қазақстандық павильонның көрнекі орталығына домбыра, ұлттық тұрмыс заттары және алуан түсті этникалық костюмдер қойылып, олардың фонында көптеген келушілер естелік суреттерге түсті. Іс-шара барысында көпшілікке Қазақстан туралы бейнероликтер көрсетілді.

Дәстүр бойынша жәрмеңкеде Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давкова түрлі елдердің мәдени алуандығымен танысты. Қазақ Елшілігінің көрмесіне бет бұрған ол дәстүрлі мәдениетімізге терең қызығушылық танытты. Қазақстан Елшісі Сатыбалды Бұршақов Жоғары Мәртебелі қонақты еліміздің өнерімен және бай мәдени-тарихи мұрасымен таныстырды.

Қазақстан дипломаттарымен және студенттермен әңгімелесу барысында Президент биыл мамыр айында Қазақстанда болған күндерін жылы шыраймен еске алып, Астананаға сапары барысында халқымыздың мәдениетімен танысудан алған терең әсерін атап өтті. Ол Қазақстан халқына және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ізгі тілектерін жеткізді.

Соңында жәрмеңке ұйымдастырушылары қазақстандық стендке бірауыздан жоғары баға беріп, іс-шараға қатысқаны үшін Елшілікке ризашылықтарын білдірді.