Қазақстандық бишілер Скопьедегі "Macedonia Open 2025" беделді байқауында қола жүлдеге ие болды

Қазақстандық бишілер Скопьедегі "Macedonia Open 2025" беделді байқауында қола жүлдеге ие болды

Қазақстан бишілерін Скопьедегі «Macedonia Оpen 2025» халықаралық жарысында спорттық би бойынша қола медаль жеңіп алуымен құттықтаймыз!

Әлемнің түрлі елдерінен кәсіпқой 20 жұп қатысқан қызу бәсекелестік күресте Аян Жұматаев пен Эмилия Джелебова дуэті ең жоғарғы деңгейді көрсетіп, төрешілер алқасының жоғары бағасына ие болды.

Біздің спортшылардың өнер көрсетуі үлкен қолдауға ие болды. Құрметті қонақтардың қатарындағы Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшісі Сатыбалды Бұршақов, Елшілік қызметкерлері және  Скопьедегі отандастар бишілерді жылы қарсы алды.

Турнир аяқталғаннан кейін оның қатысушылары мен қонақтары естелік фотосуреттер түсірді.