Скопье, 2025 жылғы 4 қазан - Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшісі Сатыбалды Бұршақов Скопье университетінің бакалаврлары мен магистрлеріне диплом тапсыру рәсіміне қатысты.
Скопьедегі Ұлттық опера және балет театрында өткен салтанатты іс-шарада университет түлектері мен профессор-оқытушылар құрамына ректор, профессор Аце Миленковски құттықтау сөз сөйледі.
Іс-шараға шақырылғандардың арасында шетелдік қонақтар - Түркия мен Сербиядан келген профессорлар, шетелдік дипломаттар, Солтүстік Македонияның қоғам және мәдени қайраткерлері болды.
Анықтама: Скопье Университеті 2006 жылы құрылған. Университет туризм және менеджмент саласында мамандар даярлауды жүзеге асырады. Студенттер саны – 800 адам.