Солтүстік Македонияның Куманово қаласында Қазақстан Республикасының Құрметті консулының кеңсесі ашылды

Солтүстік Македонияның Куманово қаласында Қазақстан Республикасының Құрметті консулының кеңсесі ашылды

Скопье, 2025 жылғы 25 қыркүйек – Солтүстік Македонияның екінші ірі қаласы Кумановода Қазақстан Республикасының құрметті консулы кеңсесінің салтанатты ашылуы өтті.

Қазақстан Елшісі Сатыбалды Бұршақов өзінің құттықтау сөзінде 12 ғасырдың басында Орталық Азиядан «құмандар» (қыпшақтар) тайпасының түркі көшпенділері қоныстанған Куманово аймағының тарихи маңыздылығын атап өтті.

Қазақстандық дипломат қатысушылардың назарын Қарағанды мен  Куманово қалалары арасында бауырластық байланыстар орнатылуына аударды. Осы маңызды қадамның алдында ағымдағы жылдың мамыр айында Қарағанды қаласының әкімдігі мен Куманово қаласының муниципалитеті арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, ол көптеген салаларда ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастықтың негізін қалады.

С.Бұршақов өңір басшылығына Құрметті консулдың қызметін қолдағаны үшін алғысын білдіріп, екіжақты өзара іс-қимыл мен бірлескен жобаларды іске асыру жаңа серпін алатынын атап өтті.

Мерекелік шара Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орайластырылды.

Осыған байланысты, Елші С.Бұршақов тараптардың бірқатар маңызды бірлескен нәтижелерге қол жеткізгенін атап өтті. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың мамыр айында Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давкованың Астана халықаралық форумына қатысуы және Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевпен кездесуі үшін Астанаға жұмыс сапары, сондай-ақ Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Тимчо Муцунскидің маусым айындағы сапары.

Сонымен қатар, Елші Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі тезистерін, сондай-ақ Мемлекет басшысының БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясындағы мәлімдемесіндегі негізгі жолдауын атап өтті.

Салтанатты шарада Солтүстік Македония Сыртқы істер және сыртқы сауда Министрінің орынбасары Зоран Димитровски мен Куманово муниципалитеті кеңесінің төрағасы Ивана Гиоргиевска құттықтау сөз сөйледі.

З.Димитровски кеңсе ашудың жоғары маңыздылығын екі достық ел арасындағы көпірлерді жолға қоюдағы маңызды қадам ретінде атап өтті. Ол құрметті консулдық бизнес-қоғамдастық үшін тікелей байланысты қамтамасыз ететін, екі бағытта да инвестициялар ағынын жеңілдететін және сауда қатынастарын жақсартатын экономикалық даму мен өркендеудің катализаторы болатынын атап өтті.

ҚР жаңадан тағайындалған Құрметті консулы Эюп Абдулахи қазақстандық тараптың көрсеткен жоғары сенімі үшін алғысын білдіріп, елдеріміздің түрлі салалардағы өзара іс-қимылын жандандыруға дайын екендігін растады.

Министрдің орынбасары З.Димитровски, ҚР Елшісі С.Бұршақов және ҚР Құрметті консулы Э.Абдулахи салтанатты жағдайда символдық лентаны дәстүрлі түрде кесіп тастады.

Іс-шараға жергілікті билік органдарының, СІМ, дипломатиялық корпустың, іскер топтардың және Солтүстік Македония жұртшылығының өкілдері қатысты.

Анықтама ретінде: Куманово - Солтүстік Македониядағы халық саны бойынша үшінші қала (шамамен 100 мыңға жуық тұрғын), Куманово қауымдастығының әкімшілік орталығы, 1519 жылы құрылған. Қаланың тарихи атауы түркі халықтарының құрамына кірген құмандармен (қыпшақтар) байланысты. Қала халқының көп ұлтты құрамына македондықтар, албандар, сербтер, сығандар, түріктер, влахтар, босниялықтар кіреді. Кумановодағы жетекші өнеркәсіптік кәсіпорын – FZC 11 Oktomvri (1953) болат құбыр зауыты, Еуропаның оңтүстік-шығысындағы ең ірі зауыттардың бірі, мұнай-газ өнеркәсібі мен коммуналдық шаруашылыққа арналған дәнекерленген құбырларды шығарады.