Скопье, 2025 жылғы 8 шілде – Қазақстанның Елшісі Сатыбалды Бұршақов Солтүстік Македония делегациясының басшысымен Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясында (ЕКПА), парламент депутаты Мария Петрушевскамен кездесті.
Кездесу барысында Елші С.Бұршақов Қазақстандағы саяси және экономикалық реформалар, Қазақстан-Македония ынтымақтастығын дамыту перспективалары, сондай-ақ биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толу аясында Елшіліктің бастамалары туралы хабардар етті.
Дипломат депутатты македон өкілді делегациясының Қазақстанға сапарлары жайында және ағымдағы жылдың мамыр айында Астана халықаралық форумына қатысуы туралы хабардар етті. Сонымен қатар, осы іс-шара шеңберінде президенттер Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гордана Силяновска-Давкованың мазмұнды кездесуі туралы айтып берді.
ЕКПА шеңберінде екіжақты өзара іс-қимылға, Астана мен Скопье арасындағы парламентаралық байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударылды.
М.Петрушевска ҚР-ның Солтүстік Македониядағы Елшілігінің ресми ашылуын құптап, бұл оқиға екіжақты байланыстарды тереңдетуге қосымша серпін беретінін және барлық деңгейдегі өзара іс-қимыл үшін жаңа перспективалар ашатынын атап өтті.
Парламент депутаты Қазақстанның қазіргі дамуын жоғары бағалап, одан әрі жемісті ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.