Гостивар, 2025 жылғы 21 маусым – Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшілігі Халықаралық Vision университетінің диплом тапсыру рәсіміне және оның құрылғанына 11 жыл толуына орай мерекелеуге қатысты.
Гостивар қаласының Мәдениет үйінде өткен салтанатты іс-шарада ректор, профессор Ахмет Веджи Джан, Солтүстік Македония, Түркия саяси қайраткерлері, басқа да шетелдік қонақтар, шетелдік дипломаттар университет студенттері мен профессор-оқытушылар құрамына құттықтау сөз сөйледі.
Университет түлектерін құттықтаған Қазақстан Елшілігінің кеңесшісі Қайрат Ахметалим жерлесіміз Аружан Байтелиге магистр дипломын табыс етті.
Анықтама: Халықаралық Vision университеті 2014 жылы құрылды және македон, түрік және ағылшын тілдерінде сабақ беру құқығын алған алғашқы университет болды. Университет экономика, информатика, әлеуметтік ғылымдар, құқықтану және инженерлік-сәулет ісі саласында мамандар даярлауды жүзеге асырады