Қазақстан Елшісі Скопье университетінде сөз сөйледі

Қазақстан Елшісі Скопье университетінде сөз сөйледі

Скопье, 2025 жылғы 4 мамыр – Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшісі Сатыбалды Бұршақов ректор Аце Миленковскидің қатысуымен Скопье университетінің студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы алдында презентациялық дәріс оқыды.

Елші Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы,  сыртқы саясаттағы негізгі аспектілері, сондай-ақ Қазақстан мен Солтүстік Македония ынтымақтастығының перспективалары туралы айтты.

Қазақстандық дипломат тыңдаушыларды Президент Қ.Тоқаев бастамашылық еткен саяси реформалардың іске асырылу барысы, стратегиялық географиялық жағдай мен тұрақты макроэкономикалық динамикаға негізделген еліміздің инвестициялық әлеуеті туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.

Қазақстанның қоғамдық-саяси тұрақтылығының ажырамас негізін құрайтын ұлтаралық, этносаралық келісім мен конфессияаралық диалогқа ерекше назар аударылды. С.Бұршақов Мемлекет басшысы жүргізіп отырған саясат қоғамды біріктіруге және елдің тұрақты дамуына ықпал ететін әділеттілік, заңның үстемдігі және барлық азаматтар үшін мүмкіндіктер теңдігі қағидаттарын дамытуға бағытталғанын атап өтті.

2024 жылы Қазақстан Елшілігінің ашылуы, ағымдағы жылдың мамыр айында Астана халықаралық форумына Солтүстік Македонияның жоғары деңгейдегі өкілді делегациясының қатысуы, оның аясында екі ел президенттерінің кездесуі, сондай – ақ Қарағанды мен Куманово қалалары арасындағы Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою сияқты екіжақты қатынастардағы маңызды оқиғалар аудиторияның ерекше қызығушылығын тудырды.

Университет басшылығы Қазақстан Елшілігіне елімізбен тереңірек танысу мүмкіндігі үшін ризашылығын білдіріп, болашақта академиялық ынтымақтастықты, ғылыми-білім беру байланыстарын дамыту және екі ел арасындағы мәдениетаралық диалогты кеңейту үшін осындай кездесулер өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Елші университет оқытушылары мен студенттерінің сұрақтарына жауап берді.

Анықтама: Скопье Университеті 2006 жылы құрылған. Университет туризм және менеджмент саласында мамандар даярлауды жүзеге асырады. Студенттер саны – 800 адам.