Соңғы жылдары Президент Қ.К.Тоқаевтың Әкімшілігі «Әділетті Қазақстанды» құруға бағытталған ауқымды саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалар жүргізді: басқару жүйесін жаңғыртудан бастап азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға және бәсекеге қабілетті экономиканы дамытуға дейін.
Мемлекет басшысы 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі» атты Халыққа жолдауында Үкіметке «бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жауапкершілігін арттыра отырып, бөлшектенген (блоктық) бюджетті енгізуді» тапсырды.
Бұл маңызды бастама «бюджет үдерістерді жеңілдету және бюрократияны барынша азайту» деп күтілуде. Бөлшектенген бюджетті жоспарлау және атқару процестерінде мемлекеттік органдардың икемділігі мен тәуелсіздігін арттыруды көздейді.
Блоктық бюджеттеу практикалық іске асыру кезеңіне жақындаған сайын, Сингапур ынтымақтастық бюросы (SCE) Стратегиялық бастамалар орталығымен (CSI) (Қазақстан), Сингапур Ұлттық университетінің Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебімен (LKYSPP) және Сингапурдағы Қазақстан Елшілігімен бірлесе отырып, 2025 жылдың 7-11 сәуірі аралығында «Мемлекеттік қаржылық менеджменттің үздіктерін зерттеу бағдарламасын» ұйымдастырды.
Бұл курс Сингапурдың фискалдық және мемлекеттік қаржылық басқаруға деген көзқарасы туралы құнды түсінік беру үшін әзірленген. Ол қатысушыларға келесі мақсаттарға жетуге көмектесуге бағытталған:
Сингапурдағы 5-күндік қарқынды курс барысында қазақстандық ұжым Сингапурлық саясаткерлермен, қаржы сарапшыларымен және ой көшбасшыларымен өзара әрекеттесті, олар өз тәжірибелері мен түсініктерімен бөлісті. Сингапурда алынған жаңа құнды тәжірибе Қазақстанның мемлекеттік қаржыны басқару саласындағы ілгерілеуіне айтарлықтай үлес қосатынына күмән жоқ.
Сонымен қатар, бұл бағдарлама Президент Қ.К.Тоқаевтың 2024 жылдың мамырында Сингапур қаласына тарихи сапарынан кейін жанданған Қазақстан мен Сингапур арасындағы берік серіктестіктің тағы бір дәлелі.
Бағдарлама сәтті аяқталғандықтан, біз SCE Бас директоры Конг Уай Мун мырзаға және оның командасына, соның ішінде Орталық және Оңтүстік Азия бойынша директор Дэйзи Бун ханымға және Орталық және Оңтүстік Азия бойынша аға менеджер Ивонн Лим ханымға ерекше алғыс айтамыз. Біз сондай-ақ LKYSPP деканының орынбасары, профессор Франческо Манчиниге шын жүректен ризашылығымызды білдіргіміз келеді. Олардың барлығы осы бағдарламаны жүзеге асыруда маңызды рөл атқарды.
Алдағы жылдары Қазақстанның Сингапурдағы Елшілігі біздің екі достас елдеріміз арасындағы білім мен озық тәжірибе алмасуды жалғастыруды асыға күтеді.