Қазақстан Елшісінің Аустралияға жұмыс сапары туралы

Қазақстан Елшісінің Аустралияға жұмыс сапары туралы

2024 жылғы 28 қазан – 1 қараша аралығында Қазақстан Республикасының Аустралиядағы Елшісі Асқар Құттықадам (қоса атқарушы, Сингапурда резиденциясы) Аустралияға жұмыс сапарымен барды.

Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының астанасы, Аустралияның ең ірі мегаполисі және экономикалық орталығы Сидней қаласында (5,5 млн. адам) еліміздңғ аумағында ауқымды жобаларды іске асыратын ірі компаниялардың өкілдерімен кездесулер өтті.

Атап айтқанда, «GK Hyperscale» Бас директоры Майкл Дикерсонмен (гипер масштабталатын жасыл деректер орталығын салу жобасы), «Fortescue» Азия-Тынық мұхиты аймағы және Орталық Азия бойынша басқарушы директоры Анджела Уокермен (Қазақстан металлургия саласында жасыл технологияларды енгізу), «Sarytogan Graphite» басқарушы директоры Шон Грегори (графит кен орнын игеру – Қарағанды облысындағы маңызды шикізат), «C29 Metals» басқарма мүшесі Джейми Майерспен (Жамбыл облысында «Ұлытау» уран кен орнын игеру) кездесулер өтті.

Сонымен қатар, А.Құттықадам Астана мен Канберра арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылдың стратегиялық бағыттарын талқылау үшін атақты аустралиялық саясаткер және кәсіпкер Уоррик Смитпен кездесу өткізді.

Бағдарламаның соңында Елшінің «Халықаралық тау-кен және ресурстық конференция – көрмеге» (IMARC 2024) қатысуы болды. Бұл – Жасыл континенттегі ең ірі салалық форум. Конференция барысында Аустралияның «AUSTMINE» тау-кен өнеркәсібі қауымдастығының халықаралық бизнесті дамыту жөніндегі директоры Роберт Тшебскиймен, Аустралиялық сауда-инвестициялық комиссиясының (AUSTRADE) Жасыл экономика және ауыл шаруашылығы жөніндегі директоры Сюзан Каватимен кездесулер өтті.

Қазақстанның Сыртқы істер және сауда департаментінің Федералды астанасы Канберра қаласындағы жоғары лауазымды өкілдерімен кездесулер барысында халықаралық және өңірлік саясат, екіжақты саяси және экономикалық кооперация, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелері басты назарда болды. Мемлекеттік хатшының орынбасары (Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия) Мишель Чанмен, Даму, көпжақты ынтымақтастық, Еуропа бойынша Мемлекеттік хатшының орынбасары Натали Коэнмен, сондай-ақ Мемлекеттік хатшының көмекшісі, Оңтүстік және Орталық Азия басқармасының басшысы Люсиен Мантонмен мазмұнды әңгімелер өтті.

Сапар бағдарламасына сәйкес Аустралияның екінші ірі қаласы, Виктория штатының астанасы Мельбурнға (5,2 миллион адам) сапар орын алды. әтижесінде Қазақстанның Мельбурндегі және Виктория штатындағы Құрметті Консулы Эндрю Фернихофпен, «Future Fund» аустралиялық егеменді әл-ауқат қорының корпоративтік мәселелер департаментінің басшысы Уилл Хезертонмен, «Orica» компаниясының бас директоры (тау-кен және инфрақұрылымдық жобаларға арналған шешімдердің жетекші әлемдік жеткізушілерінің бірі) және фармацевтикалық компанияның директоры Санжив Гандимен, «Pharmachal Health Group» компаниясының директоры Эндрю Менделавицпен кездесулер өтті.

Жалпы, Елші А.Құттықадамның жұмыс сапары аустралиялық ведомстволар мен іскерлік топтардың өкілдерімен «сағаттарды салыстыруға», жаңа әріптестік мүмкіндіктерді анықтауға және проблемалық мәселелерді шешу жолдарын келісуге, екіжақты байланыстар мен алдағы кезеңге арналған іс-шаралар жоспарларын белгілеуге мүмкіндік берді.